Шамалғандағы апат туралы шындық

Oinet.kz 17-09-2019 1399

image.png

Сурет Астана арнасынан алынды

Шамалғандағы жан түршігерлік апатқа кінәлі деп танылған автобус жүргізушісі Нұрғали Тасқалиұлының артында жары мен 4 баласы қалды. Күйеуінің жанында кондуктор болып жұмыс істеп жүрген Ләйла Жарылқасова бұл оқиға байланысты шындықты айтты деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Жан жарынан айрылып қалған Ләйла Жарылқасованың айтуынша, кешегі күні өз уақытымен, өз жолымен келе жатқан екен. Сол сәтте күйеуіне әріптесі хабарласып, автобусының бұзылып қалғанын айтып, Нұрғалиға өзінің уақытына жүре беруін өтініпті.

«Шамалғанға барып келе жатыр едік. Пробкаға түстік. Пробкадан мен білмеймін біздің қалай жетіп қалғанымызды. Рельсқа жетіп қалғанымызды көрдім. Бірақ олар 10 минут сайын қызыл светке ашып тұра береді, машинелерді өткізіп», - дейді марқұмның жұбайы.

Бұған дейін кептеліс кезінде диспетчер жолаушы тасымалдайтын автобустарды көрген сәтте шлагбауымды ашып, пойыз жолынан ары өткізіп жіберіп жүрген екен.

«Тұзаққа түсіп қалғандай, тым құрығанда қарама-қарсы бет бұны өткізу керек еді. 5 қатар болып тұрдық. Диспетчер шлагбаумды ашық ұстау керек еді. Ол біздің тұрғанымызды көрді. Сондай кезде әншейінде автобусты өткізетін», - дейді Лайла Жарылқасова

Марқұмның әріптестері бұл іске кінәлі Нұрғали емес дейді. Керісінше, бәрін құтқарып, өзі құрбан болды деп есептейді

Ішкі істер министрі Жанар Хамитованың өз-өзіне қол жұмсағанын айтты
Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдік қасиеті үшін сахнадан бас тарта ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу