Айжан Нұрмағамбетова көріпкелдік қасиеті үшін сахнадан бас тарта ма?

Oinet.kz 17-09-2019 1238

image.png

Танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова өзінің бойындағы тылсым күш туралы айтып берді. Кейбір оқиғаны алдын-ала көріп, дұрыс-бұрысын алдын-ала біліп отырады екен, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.

«Негізінде жұлдызнама бойынша Шаянмын. Қалай айтсам екен... Ия мен анда-санда адамдардың өтірік айтып тұрғанын көріп тұрамын. Бірақ ол ыңғайсыз жағдайда қалмасын деп айтпаймын. Қалай номерді істеймін? Қандай концерт? Қандай образ? Не істейін дегенде, ұйықтап жатам ғой, сонда түсіме кіреді. Ааа, сосын шошып оянасың, былай істеу керек деп. Осындайым бар.», - дейді әнші Айжан Нұрмағамбетова.

Айжан Нұрмағамбетованың айтуынша, көріпкелдік қасиет ақын әжесінен дарыған. Жазу, сызу, оқуды білмесе де әжесінде бір қасиет барын байқаған. Кейбір оқиғаны алдын-ала көріп отыратын Айжан бұл қасиетін арнайы жоба барысында тексеріп көрген. 

«Мен өз-өзімді тексердім. Мен өзімнің қабілетімнің бар-жоғын білдім. Мұны дамыту керек. Ал бірақ менде оған уақыт жоқ. Мен себебі басқа салада жүрмін», - деп әнші өзінің пікірін білдірді.

Көріпкелдік қасиет қанша мазаласа да, әнші сахнадан кетпейтінін айтты.

Шамалғандағы апат туралы шындық
Таргетинг деген не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу