Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді қолдады

Oinet.kz 17-09-2019 881

Screenshot_6.jpg

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясының, Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, АО «Қазтелерадио», РМҚК «Шымкентгеодезия» филиалы, РМК «Мемлекеттік радиожиілік қызметі қызметкерлері қатысты. 

 Жалпы республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. 

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Данабек Исабековтың айтуынша, маңызды экологиялық шараны  мемлекеттік корпорацияның барлық аймақтағы филиалдары мен ҚР ЦДИАӨ министрлігіне қарасты мекемелер қолдады. «Бүгін біз әріптестерімізбен Х. Дулати көшесінің аймағын тазартудамыз. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап қалдықтарды тастамауға шақырамын», – деп қосып өтті директор. 

Айта кетейік, Х. Дулати көшесінің аймағын жинауға 500 жуық қызметкер  жұмылдырылды. Олар бірлесіп, 32 мың м2 жерді тазартты.

Білім министрі қазақстандық оқушылар сыни тұрғыда ойлана алмайтынын айтты
Жамбыл облысында 4 бірдей сібір жарасы тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу