Білім министрі қазақстандық оқушылар сыни тұрғыда ойлана алмайтынын айтты

Oinet.kz 17-09-2019 1021

Картинки по запросу асхат аймагамбетов

Қазіргі таңда білім мен ғылымның рейтингін бақылау үшін арнайы зерттерулер жүргізіледі. Олардың негізгілері: PISA, TIMSS, PIRLS. Алайда, бұл нәтижелер көңіл қуантарлық емес, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

PIRLS зерттеуінде біз мәтінді түсіну және оқу сауаттылығы бойынша бүгінгі күні 27-орында екенбіз. Ал TIMSS зерттеуінде математика және жаратылыстану пәндері бойынша үздіктер ішіндеміз және 10 жетекші елдің қатарына ендік.

«Біз үшін ең маңызды рейтинг және зерттеу ол – PISA. Осы PISA нәтижелері оқушылардың функционалдық сауаттылығының төмендігін көрсетіп отыр. Талдау жасау, сыни тұрғыда ойлау дағдылары бүгін біздің балаларда жеткіліксіз. Басқаша айтқанда, Қазақстандық оқушылар көп біледі, бірақ алған білімдерін тиісінше қолдана алмайды. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап мектептерде сыни ойлау және дағдыларды дамытуға бағытталған жаңартылған білім беру мазмұны енгізілуде. Жаңа бағдарламалар, жаңа бағалау жүйесі енгізіліп жатыр. Осының бәрі септігін тигізеді деп ойлаймыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Инстаграмда таргетингті жарнама деген не?
Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочэлленджді қолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу