Түркістан: департамент қызметкерлері «мейірімділік үлгісі» акциясы аясында ұжым болып қан тапсырды

Oinet.kz 18-09-2019 993

Screenshot_6.jpg

Өзгеге өмір сыйлау – мейірімділік пен жақсылық жасаудың жарқын көрінісі, әрі өмір сүруге үміт отын жағудың айрықша үлгісі. Әлемде қан құйдыруға жыл сайын миллиардтаған адам мұқтаж болады. Қатерлі дертке шалдыққан жандарға қоғам болып көмек көрсету – әрбір адам баласының азаматтық борышы.  

Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен қан тапсыру бойынша «Мейірімділік үлгісі» (Урок доброты) атты қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шараның негізгі мақсаты – донорлық қан тапсыру арқылы талай жанның өміріне үміт сәулесін сыйлау және адам бойындағы мерейлі қасиет мейірімділік пен қайырымдылықты кеңінен насихаттау.  

Screenshot_7.jpg

 Қан тапсыру акциясы Түркістан облыстық қан орталығының филиалында таңғы сағат 10:00 мен түскі 12:00 аралығында өткізілді. 

Мейірімділік науқанына  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің  басшысы Хаким Дүйсешұлы бастаған департаменттің барлық қызметкерлері ерікті түрде қатысып, қайырлы іске жұмыла үлес қосты. 

Алдағы уақытта ізгілік жолындағы игі істер «Мейірімділік үлгісі» аясында Департаменттің бастамасымен ұйымдастырылып, әрі қарай өз жалғасатын табатын болады.

Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін бас бостандығынан айырылды
Cыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу