Мұғалімдердің жұмыс уақытын заңсыз асырып, артық жұмыс істеткендер жазаға тартылады

Oinet.kz 19-09-2019 1032

Картинки по запросу білім министрі асхат аймағамбетов

Педагогтарға қатысты шамадан тыс жүктеме азайтылмақ. Мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандығы үшін сондай-ақ, уақытынан артық жұмыс істегені үшін тиісті айыппұлдар болады, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі  inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісінде «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасының таныстырылымынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді артық жұмысқа салмау керектігін айтты.

«Мемлекет басшысы мұғалімдерді керек емес әртүрлі жұмыстарға тартуға тосқауыл қою мәселесін көтерді. Бұл ретте қаптаған есептер мен артық жұмыстар баршылық. Сондықтан бұл бағытта тиісті шараларды атқарамыз. Заң жобасында қажетті санкциялар қарастырылды», - деді білім министрі. 

Мұғалімдерді оларға қатысы жоқ жұмыстарға тартқаны үшін және артық есептілікке жеккені үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, осындай айыппұл жұмыс уақытының нормасын заңсыз асырғаны үшін де ескерілген. 

«Бұл шаралар өзінің үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. Мысалы, директорлар, әкімдіктер және басқа мемлекеттік органдарға қатысты. Бүгінде мектепке кімдер келмейді? Тексеруші органдар да аз емес. Керек емес әртүрлі ақпарат сұраса, мұғалімдерді жұмысына тән емес шараларға тартатын болса, онда тиісті жаза қолдануға мүмкіндік туды. Заң жобасы қабылданғаннан кейін біраз жақсы өзгерістер болады деп санаймын», - деді А. Аймағамбетов.

Мирас пен Құралай жұбы: «Құралайға ұсыныс жасамағанмын»
Басшылық көпбалалы аналардың зарын заңсыз деп тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу