Еліміздің солтүстігіне қоныс аударғандарға баспана беріп жатыр

Oinet.kz 20-09-2019 798

image.png

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Өзге өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып жатқандар баспанады болып, жұмыспен қамтылып жатыр, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Солтүстiк Қазақстан облысы — жұмыс күшi көп өңiрлерден азаматтарды көшiріп алу жобасын жүзеге асырып жатқан жалғыз аймақ. Бұның барлығы 3 жылдық кешендi жоспардың арқасы. Қоныс аударушыларға жалдамалы баспана мен жұмыс берiледi, жеке кәсiбiн ашуға болады», - деді Солтүстік Қазақстан әкімдігінен.

image.png

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов өңiрге көшiп келiп, баспанаға ие болған отбасылармен кездестi. 

«Жұмыс күшiн облысқа тарту бойынша жұмыс жүргiзiлуде. Бiзге дәрiгерлер, мұғалiмдер, механизаторлар, жүргiзушiлер, тракторшылар керек. Жыл басынан берi 1600 адам немесе 518 отбасы келдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Еліміздің солтүстігінде биыл 420 үй салынуда. Келесi жылы - 1 мың, 2021 жылы 1,5 мың үй бой көтередi. Биыл жыл соңына дейiн өңiрге 2 мың адам немесе 700 отбасы көшiп келетіні жоспарланған.

Қазақ еліне Хабиб Нурмаганбетов келмек
Қазақстандық «Аралтұз»-дан ресейліктер улануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу