Ақтөбе облысында 13 жасар оқушы өлі табылды (видео)

Oinet.kz 20-09-2019 1268

Screenshot_13.jpg

Ақтөбе облысы, Қайыңдысай ауылында 13 жастағы оқушы өлі табылды. Сарайда асылып тұрған жасөспірімнің денесін анасы тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

 Жасөспірім мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша іс қозғалған. Қаза тапқан жасөспірімнің отбасының жағдайы жақсы болған және оның үй жағдайында өз-өзіне қол жұмсау дерегін полиция өкілдері тексереді.  

"Жантәсілім етералдындағы хат болмаған. Оның отбасының жағдайы жақсы, өз-өзіне қол жұмсау дерегі тексеріледі", - дейді Ақтөбе облысының баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

 Отбасында барлығы төрт бала болған. Қаза тапқан бала ең үлкені болатын. Олар Алматы облысынан қыркүйектің басында көшіп келген. Жасөспірім мектепте оқып жүрген. Оқиғадан бірнеше күннен кейін оның отбасы қайта көшіп кеткен. 

 "Ол жетінші сыныпта оқитын. Бір сыныпта 3 оқушы ғана болған. Сыныптастарымен не отбасынмен жанжал болмаған. Сондықтан оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын түсіне алмадық", - білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертлеуова.

Видео сілтемесі.

Әрбір 11 секундта ана мен бала өлімі тіркеледі
Қазақ азаматы қара нәсілді келін алып келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу