Бекзат Саттарханов жайлы көркем фильм экранға жол тартты (видео)

Oinet.kz 24-09-2019 1994

Screenshot_14.jpg

«Хабар» агенттігі жасындай жарқ еткен спортшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов жайлы көркем фильм түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24»-ке сілтеме жасаған Oinet.kz

Туынды 3 қазан күні үлкен экранға жол тартпақ. Ал 3 шілде күні көпшілік фильмнің жабық көрсетілімін тамашалады. Небәрі 20 жасында байрағымызды көкке көтеріп, Сидней олимпиадасында атой салған боксшы Бекзат Саттархановтың бақилық болғанына 20 жылға жуықтады. Аз ғұмырында көп естелік қалдырған азаматты халқы әлі күнге дейін дәріптейді. «Бекзат» фильміне келген көпшілік ықыласы соған дәлел

Сырлыкүл Әдірбекқызы, Бекзат Саттархановтың анасы: - Құдайға шүкір деп айтамын мен. Бүгін киноның тұсаукесері болғалы тұр. Соны біз көргелі тұрмыз. Бұл өте қуанышты жағдай. Себебі, 20 жастағы батыр ұлды алдында өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға көрсетіп, танытса, Сондай бір керемет батыр қыз-ұлдар болып өсер еді. Фильмде басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов сомдады. Ол бокспен бес-ақ жыл айналысып, олимп шыңын бағындырған саңлақ спортшыны бейнелеу үлкен жауапкершілік, - екенін айтады. Толықметражды фильм қазан айында еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: - Менің ешқандай күмәнім жоқ, бұл деген биылғы ғана емес, Қазақстан сериалдарының ішінде үлкен оқиға, жақсы оқиға болады деген сенімдімін. Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ төрағасының орынбасары: - Өзім фильмді көріп отырып, таң қалғаным, бір ғана эпизод бар. Екі сағат бойы жаттыққан Саттархановты дәрігерлер келіп, жүрек қағысын тексергенде екі сағат демалып жатқан адамның денсаулығындай факті бар. Бұның өзі Бекзаттың бойындағы тума талант Алла тағаланың берген ерекше қасиеті болғандығын көрсетеді. «Хабар» арнасының көрермендері көпсериалы «Бекзат» фильмін Тәуелсіздік күні қарсаңында тамашалай алады.

 Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Өмірбек Ізімов

Видео сілтемесі

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен кездесті
Казпоштаның атын жамылып жүрген алаяқтар пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу