Бірнеше автокөлік соқтығысып, сегіз адам зардап шекті

Oinet.kz 26-09-2019 782

Картинки по запросу жедел жәрдем

Алматыда 25 қыркүйек түнгі 22:45-тер шамасында бірнеше автокөлік соқтығысып, салдарынан 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«БМВ көлігінің жүргізушісі, 1996 жылы туған А. Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, жол бойында белгісіз көлікпен соқтығысқан. Одан кейін «БМВ» жолдың қарсы бағытына өтіп кетіп, ақ түсті «Toyota» автокөлігіне соғылған. Кейін шығысқа қарай келе жатқан «LIAZ» автобусымен соқтығысқан. Сонда да тоқтамай, әрі қарай кете берген «БМВ» көлігі батыс бағытта келе жатқан екі «Toyota Camry» көлігімен соқтығысты», - деп түсіндірді Алматы қалалық ПД.

Оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өндіріс аясында тиісті сараптама тағайындалады.

Бауыржан Байбек бірнеше депутатты жұмыстан шығарады
Анасынан тізерлеп отырып кешірім сұраған жігіт елді сүйсіндірді(видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу