19 жастағы бойжеткеннің асқазанынан екі келі шаш шықты

Oinet.kz 03-10-2019 992

Картинки по запросу ота құралдары

Буратияның Улан-Удэ қаласында 19 жастағы бойжеткеннің асқазаны мен аш ішегінің бір бөлігінен дәрігерлер ұзындығы жарты метр, салмағы екі келі тартатын шашты ота жолымен алып шықты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен дәрігерге тамақ ішкен соң өзін әлсіз сезінетінін, асқазаны ауырып, жүрегі айнып және құсқысы келетінін айтқан. Тексеріс нәтижесінде екі келі шаштың бар екені анықталып, ота жасалды.  Операция  сәтті аяқталып, бойжеткен ауруханадан шықты. Ол қазір өзін жақсы сезініп, арнайы диета ұстайды. 

«Мұның бәрі кішкентай кезінен шашының ұшын тістеуден басталған болуы мүмкін», - дейді ота жасау бригадасының басшысы Батор Дондоков. 

Дәрігердің айтуынша, кездейсоқ жұтып қойған шаш асқазанға түсіп, сол жерде қалып қояды.

Сырлыкүл Саттарханова: «Маған негізі кино ауырлау тиді»
Қанат Ислам Геннадий Головкинді сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу