Салық бойынша қарызы бар азаматтардың көшін Шымкент тұрғыны бастап отыр

Oinet.kz 08-10-2019 955

Картинки по запросу салық қарызы

Мемлекеттік кірістер комитеті салық бойынша қарызы көп азаматтардың тағы бір тізімін жариялады. ТОП-100 тізімін Шымкент қаласының тұрғыны бастап отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік Мұрат Матиев көлігіне салынатын салық (БСК 104402) бойынша мемлекетке 7,5 млн теңге берешек болып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Олжас Юсупов мүлік салығы (БСК 104102) бойынша 2,5 млн теңге қарыз жинап үлгерген. 

Жер салығы бойынша (БСК 104302) 4 млн теңге қарызы бар азаматша да - елорда тұрғыны. Жанна Аубакированың салық бойынша негізгі қарызы 1,5 млн теңгені құрап отыр. Қалған 2,35 млн теңге – есептелген өсімпұл.

Мемлекеттік кіріс органдары салық бойынша берешегі бар азаматтар тізімін жариялау үрдісін алдағы уақытта да жалғастырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда салыққа рақымшылық жүруде. 

Биылғы 31 желтоқсанға дейін негізгі борыш сомасын төлеген азаматтардың өсімпұлы есептен шығарылады. Салық төлеушілер қарызының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына кіріп, тексере алады.

Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылған турнирдің жүлде сомасы жарияланды
Балық аулап отырған азаматтар суға кетіп, мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу