Әзірбайжанда Үкімет басшысы ауысты

Oinet.kz 08-10-2019 904

Әзербайжанда үкімет басшысы ауысты

Бүгін пленарлық отырыста Әзербайжанның Милли мәжілісі (парламенті) жаңа премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды inform.kz сайты.

Ел Үкіметін Әзербайжан Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әли Асадов басқаратын болды. 

Еске сала кетейік, Новруз Мамедов Әзербайжанның премьер-министрі лауазымын 2018 жылғы сәуір айынан 2019 жылғы қазан айына дейін атқарған еді. Әли Идаят оғлы Асадов 1956 жылғы 30 қарашада Нахчыван қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Бакудегі №134 мектепті, ал 1978 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1978 жылы Әзербайжан КСР Мемлекеттік жоспарының сәйкес бағыты бойынша Азербайжан КСР Ғылым Академиясы экономика институтының бас лаборанты ретінде бастаған. 

1980-89 жылдары Әзербайжан КСР Ғылым Академиясының экономика институтында бас лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, 1989-1995 жылдары Баку әлеуметтік басқару және саясаттану институтында доцент және кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1995-2000 жылдар аралығында Әзербайжан Милли мәжілісінің депутаты болған. 

Әзербайжан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 17 сәуірдегі Өкіміне сәйкес Әзербайжан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, 2012 жылғы 29 қарашадағы Өкімге сәйкес Әзербайжан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалған.

Балық аулап отырған азаматтар суға кетіп, мерт болды
Жас жігітті өлтіріп, денесін ауруханаға тастап кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу