Жүрекке оралу

Oinet.kz 29-10-2019 1572

bUHd.jpg

- Қиялмен өмір сүретін адам мына өмірден алыстап кетеді. Өмірден алыстау - Құдайдан алыстауға апаратын қадам. Шынайы өмірдің ережелерімен ойнап жүріп (отбасын құру, бала сүю) өзіңді жоғалтпай, кемелдендіріп, Құдайды іздеу керек. Құдайды іздеу арқылы ғана баянсыз өмірден мән табуға болады. Руx ешқашан тәнде тыныштық тапқан емес. Аллаға құл болу арқылы ғана жан тыныштық табады. Жан тыныштығын табу - жылдардың, төзімділіктің, шыдамдылықтың жеңісі.
- Адам өзін зерттей бастағанда алдымен сәтсіздіктерін есіне алады. Әрине, пендені қателіктері өкіндірмей қоймайды. Өкініщ - өмірден түңілуге, түңілу - өзіңді жоғалтуға әкеледі. Адам көбіне-көп қабылдаған шешімінің қате екенін біледі. Біле тұра саналы һәм бейсаналы түрде қателікке бой ұрады. Өзінің сәтсіздік деп қабылдаған қадамының кейбірі уақыт өте келе қуаныш пен шаттыққа бөлеп жатады.
Далада өскен жабайы гүл үстін тас басса да, өлерменденіп, қылтиып, өсіп шығады. О бастағы табиғаты гүл болса да гүл ашып, айналасына эстетикалық сұлулық сыйлай алмайды. Ата-анасының маxаббатына бөленіп өспеген балалар есейгенде сол жабайы гүлге ұқсайды.

«Жүрекке оралу» кітабынан

Нәресте жалғыздығы
Дүние-кезек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу