Неге тұз сұрауға болмайды?

Oinet.kz 04-11-2019 5882

Screenshot_22.jpg

Ертеде бір би аң аулауға шығады. Нөкерлері бидің құрметіне үлкенірек бір жылқы сойғызып, ет асады. Сорпасына тұз қосатын кезде тұз алмағандарын көреді. Жақын маңайдағы ауылға тұз алу үшін біреуді жібереді. Мұны естіген би: «Тұздың ақшасын беріп кетіңдер, ақысыз-пұлсыз зат алу әдетке айналмасын.!» - дейді. 

«Алатынымыз бір-ақ уыс, несіне сатып аламыз?» - деп сұрайды нөкерлері.

Би: «Әлемдегі зорлық-зомбылықтың бәрі кішкентай нәрседен басталған. Уақыт өте келген-кеткен адамдар оны үлкейтті. Осылай озбырлық бүгінгі дәрежеге жетті» деген тоқтамын айтыпты. 

Қазаққа керек 10 нәрсе
Голощекинді ұрған қазақ - Жалау Мыңбайұлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу