Ауруханаға түскен аудан әкімі туралы тәмсіл

Oinet.kz 07-11-2019 1136

Аудан әкімі.jpg

Бір ауданның әкімі ауруxанаға емделуге жатады. Оның артынан қымбат көлік мінген адамдар жақсы тамақтар алып келіп, хәлін сұрап келіп жатыр. Бір күні үстіне ескі киім киген бір қарапайым шал хәлін сұрауға келеді. Әкім орнынан тұрып құшақтап көріседі. Алып келген сорпасын дәмді болыпты деп рахаттана ішеді. Шал қайтарда әкім оның сумкасына түрлі -түрлі тағамнан салып, жолға дейін шығарып салыпты.

Оны көрген бас дәрігер:

- Әкім мырза, сізге қымбат көлік мінген адамдар келіп хәліңізді сұрайды. Сіз тіпті орныңыздан тұрмай көз қырыңызбен амандасасыз. Әкелген тағамдарында жемейсіз. Ал мына келген шалдың тамағын жеп, тіпті жолға дейін шығарып салдыңыз. Неге? - деп сұрайды. Сонда әкім:

- менің бес ұл, жалғыз қызым бар. Келіп кеткен байлардың қыздары менің үйімде келін.

Ал менің қызым осы шалдың келіні. Сондықтанда ол қандай тағам алып келсе де мақтап ішуім керек. "Қыз берген әке аттан түсіп сәлем береді" деп Тәуке Хан да айтқан деген екен әкім...

Мен туралы не білгің келеді, Оқырман?
Райхан гүлі қалай пайда болған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу