Қыздарға 11 кеңес

қыздарға кеңес.jpg

1. Сені төмендететін, абыройсыздыққа бастайтын нәрсеге ешқашан келіспе. Әйел өзіне лайық дүниені ғана таңдау керек. Бұрын болған қателіктерді жіпке тіз, олардың қайталанбауын ойла.

2. Бар болмысыңмен жігітке беріліп кетпе. Бойыңдағы ең жақсыны таратып берме. Жеке пікіріңе өзгенің билік етуіне жол берме. Әр адамның өзіне лайық кемшілігі бар. Кемшілікті де сымбатыңды жақсы көргендей жақсы көріп, бағалап отыру керек.

3. Өзіңді тегін бере салма. Жүрегіңді биік қорғанмен қаптап қой. Сол қорғанды қиратқан адам ғана сені бағалайтын болады. Сенің өміріңе уақытша келгісі келетін адамдарға қорғанды қиратуға жол берме.

4. Оның да сезімі бар екенін білмей тұрып жүрегіңді ашпа.

5. Сені тек түнде ғана есіне алатын адамдарға бола түнгі ұйқыдан қағылма. Бұл махаббат емес. Пайдакүнемдік. Уақыт өткізу.

6. Әлемдегі ең қымбат ресурс – уақыт. Сол ресурсты саған арнамаған адамдарға уақытыңды жоғалтпа.

7. Маған назар сал деп ешкімге жалынба. Сені сүйген адам сенің бір жымиғаныңды көру үшін уақыт та табады, қуантудың амалын да табады.

8. Ішкі қуатыңды келешегі жоқ қарым-қатынасқа сарп етпе. Қарым-қатынаста ең бастысы тұрақтылық.

9. Енді ешқашан ешкімді сүймеймін деп ойлама. Махаббат келеді. Оны байқамай қалу мүмкін емес. Жүрекке өзгені сүй деп әмір бере алмасың анық.

10. Өзіңе қатысты бар күмәніңді өшір. Сен сүйе білесің, ендеше сүйікті болуға да толық қақың бар. Өзгенің сезімінің шынайы болуына ғана мән бер. Жалғандықтан қаш.

11. Ешқашан асықпа. «Маған осындай жігіт те жетеді» дегенге ешқашан келіспе. Сенің бақытың шынайы, мүлтіксіз болуға қақылы. Азға келісу – шын бақыттан бас тартумен бірдей.

Источник

Аударған Шынар Әбілдә

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ата-әже деген керемет қой...
  • Абысын араз болса, ағайынның сәні кетер...
  • Өтелмеген қарыз маза бермеді
  • Ер Едіге және елдік мүдде
  • Имам мен полицей жайлы
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика