Ең ұлы нығмет

түсіністік.jpg

Парасат сөзде емес, түсінуде. Түсіну деген неткен құдіретті күш! Құны жоқ бақыт! Ет жақыныңа оны түсінгеннен артық бақыт сыйлай алмайсың!

Түсіністіктен артық арман-мақсат бола ма? Түсіністік өз үйіңдегі қымбат, ет жақын адамдарыңмен тіл табыстырады. Сол сияқты көптеген мінезі басқа, болмысы бөлек талай жанмен де үйлесімге келтіреді. Егер өзгені түсіне алмаса, адам мейлінше бай-дәулетті бола-тұра жаны кедей боп қалғаны. Себебі, адамды рухани бай қылатын дүние – түсіністік. Түсінік жоқ жерде дүние қапас зындан. Зындан іші толған дәулет, бірақ тас қараңғы – түк көре алмайсың.

Егер екі адамның арасында түсіністік болмаса, сөз өледі. Жақ талғанша айтасың, айтасың, дауласасың, талқылайсың, нашардан жаманға көше бересің, бірақ бұл бітпес дау. Ваданда айтылғандай, «Неге? Мың құйрығы бар жыртқыш. Бірін шауып отырсаң, тағы бірін бұлғаңдатып көтереді». Дауласу – түсіністікке жетелей ме? Ешқашан. Дауласу тек дауласуды тудырады. Ақырында екі адам бір-біріне қырын қарайды. Түсіністік – Хақтың сыйы. Түсіністік – жан-жүрегіңді ашу, адам өміріндегі ең ұлы нығмет!

Хазрат Инаят Хан

Аударған Шынар Әбілдә

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өтелмеген қарыз маза бермеді
  • Ер Едіге және елдік мүдде
  • Имам мен полицей жайлы
  • Тартылыс күші: арманыңызды орындауға көметесетін 12 қағида
  • Үш күн ережесі
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика