Мария Монтессоридің тәлімі

Oinet.kz 12-11-2019 863

Монтессори педагогикасының негізі «Өзі біліп жасауға көмектес» деген ұранға негізделеді.

Мария Монтессори – атақты италиялық ғалым, дәрігер-антрополог, педагог және психолог. Ол бүкіл өмірін баланы тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін іздеуге арнаған. Ақыр соңында бала өз тұлғасын өзі жасайды деген тоқтамға келген. Баланың бойында өзін дамытуға деген күш-қуат пен талап о бастан бар болады.

Бүгінгі таңда Мария Монтессори педагогикасы әлемдегі ең үздік тәрбие құралы. Баланың еркіндігі мен темірдей тәртібі, ойыны мен жұмысы қатар жүйеленген.

1. Баланы қоршаған ортасы тәрбиелейді.

2. Егер баланы үнемі сынап жатса — ол өзгені кінараттауды ғана біліп өседі.

3. Егер баланы мақтаса — ол бағалауды үйренеді.

4. Егер балаға өшпенділікті сездірсе — ол төбелесуді үйренеді.

5. Егер балаға әдептілік танытса — ол әділетті болуды үйренеді.

6. Егер баланы үнемі келекетсе — ол жасқаншақ боп қалады.

7. Егер бала өзін қауіпсіз сезінсе — ол сенуді үйренеді.

8. Егер баланы үнемі масқараласа — ол өзін кінәлі сезініп өседі.

9. Егер баланы жиі-жиі мақұлдап отырса — ол өзін сыйлап өседі.

10. Егер балаға мейірім танытса — ол төзімді болуды үйренеді.

11. Егер баланы үнемі көтермелеп отырса — ол өзіне сенімді болып өседі.

12. Егер бала достық аясында тәрбиеленсе, өзін керек сезінсе — ол өмірден махаббатын адаспай табады.

13. Бала туралы жаман сөз айтпаңыз — оның көзінше де, ол жоқ кезде де.

14. Жақсы бала тәрбиелеуге бетбұрыс жасаңыз, жаманшылыққа орын қалмасын.

15. Баланың айтқанын мұқият тыңдаңыз, сұрағына жауап беріңіз.

16. Баланы сыйлаңыз. Қателік жасаса да, оны түзей алатындығын білдіртіңіз.

17. Бірдеңе іздеген балаға көмектесуге әрдайым дайын тұрыңыз. Керегін тапқан балаға көрінбеңіз.

18. Бұрын көрмеген нәрсесін көруге, тануға көмектесіңіз. Айналаңызға қамқорлық таныта отырып, тыныштықты сезініп, махаббатпен жасаңыз.

19. Баланы шақырғанда тек жақсы сөздерді қолданыңыз, оған бойыңыздағы бар жақсыны ғана ұсыныңыз.

Аударған Шынар Әбілдә

Абай Құнанбаев балаларын қалай оқытқан?
Сезім өшпей тұрып...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу