Жетістіктің құлпысын ашатын 101 кілт

Oinet.kz 12-11-2019 833

жетістік.jpg


1. Тек сізге арналған несібенің барына оны қолға түсірмей тұрып сеніп үйреніңіз.

2. Барынан айырылған адамнан ақшаны қалай ұқсатсам деп ақыл сұрамаңыз.

3. Тілегіңізді көз алдыңызға анық елестетіп үйреніңіз.

4. Тұлға ретінде рухани өскен сайын сіздің материалды жағдайыңыз да арта береді.

5. Сіз армандап жүрген дүниеге қол жеткізген адамды ғана ұстаз етіп таңдаңыз.

6. Өзіңіз кім болғыңыз келсе, соған қол жеткізген адамды ұстаз деп таныңыз.

7. Келешек дәулеттің дәнін бүгіннен бастап сеуіп үйреніңіз.

8. Егер үнемі қарызданып жүретін болсаңыз, алдын ала төлеп тастау әдетіне дағдыланыңыз.

9. Үстеме төлеу мөлшері 5% болсын.

10. Нашар тұратыныңыз жөніндегі пікірлерді ешқашан қостамаңыз.

11. Денсаулық, махаббат, бақыт және ақша әрқашан шексіз.

12. Құндылықты тең деңгейде алмасу ұстанымын қолданып үйреніңіз.

13. Арасында өзіңізге арналған сый жасап тұрыңыз, жай ғана гүлшоғын сатып алсаңыз да, ол тек сізге арналсын.

14. Жақсылық жасау үшін соған арналған бос кеңістік керек.

15. табиғат заңдылығы бойынша, жұдырығыңда бір нәрсе бар кезде одан басқа затты қоса ұстай алмайсың.

16. Қалауыңызды сұраңыз, бірақ шын мәнінде мұқтаж дүниені алатыныңызды біліңіз

17. Бай болудың ең тиімді тәсілі — өзгенің материалды жағдайын қамтамасыз етудің жолын табу.

18. Жетістікке жетудің ең ықпалды жолы — тек өзіңіздің парасатыңызға сену.

19. Аузыңыздан шыққан әр сөзіңіз сіздің өз санаңызда қаншалықты жетілгеніңіздің көрсеткіші.

20. Рухани жетілу тек соған ұмтылған адамға ғана бұйырады.

21. Парасатты болу бай болу мен өзге де материалды құндылықтарға ие болудан мың есе артық, себебі даналық қана – бар байлықтың бастауы.

22. Парасатыңыз артқан сайын дәулетіңіз де соған сай өскенін байқайсыз.

23. Адам жан-дүниесімен шынайы үйлесімді сезінгенде ғана шын мәнінде дені сау болады.

24. Адамның жайлы өмір сүруі табиғат берген сый. Бұл оның өмір сүруінің қалыпты шарты.

25. Жайлы өмір — ауа секілді, айналамыздағы кеңістіктің бәрі тек жайлылық үшін. Дүниежүзінде жайлылығы кем жер жоқ.

26. Адам бос кеңістіктен өз өмірін ойдың күші мен қуаты, арманы мен қиялы арқылы қалап шығады.

27. Өмірлік мақсатыңызды адаспай тапқанда, жетістіктің өзі сізді іздеп табады.

28. Құрбан болу ойынынан шығам деп мақсат қойсаңыз, сол сәтте сіз үшін жеңімпаз болу жолы ашылады.

29. Ел-жұрттың аяушылығына мұқтаж болған сайын сол жағдайды өзіңізге тарта бересіз

30. Арманыңызды анық түсінген кезде оның жолында бүкіл әлемді бағындырасыз.

31. Кек алсам деген дерттен айыққан күні жүректің есігін махаббат қағады.

32. Ғажайып деген кездейсоқтық емес. Олар үнемі біздің айналамызда болып жатады.

33. Сіздің табысыңыз бен дәулетіңіздің деңгейі ең жақын бес досыңыздың табысының ортақ мөлшеріне тең.

34. Жетістікке жететін жолды өзіңіз жүріп өтесіз. Оны өзгеден ала тұруға болмайды.

35. Қарыз — бұл абақты. Одан тездетіп шығудың амалын қарастырыңыз.

36. Егер өзгені кешіре алмасаңыз, жетістікті де қабылдай алмассыз.

37. Егер өзіңізді кешіре алмасаңыз, жетістік деген ұғымды қабылдай алмайсыз.

38. Тағдыр ұсынатын келесі сынаққа жеке басыңыздың қасиеттері елеулі тұрғыда жетілген кезде, бұрынғыдан гөрі әлдеқайда маңызды құбылыстарды түсіне алатын шақта жолығасыз.

39. Кедергілер — қалауыңызға қол жеткізу үшін сізді тұлғаға айналдыратын шарттылықтар.

40. Адамның шынайы сенімі әлемдегі ең мықты деген тас пен құрыштан да мың есе күшті, теңдессіз. Тек сенім ғаламның есепсіз қазынасынан өзіңізге лайық жетістікті олжалайды.

41. Әлемдік сананың озық күштері сізді басқара алады, бірақ әрекет жасау өзіңізге ғана тиесілі бақ.

42. Әдетіңізді өзгерткен кезде барлық жағдайды өзгертесіз.

43. Ұстанымыңызды өзгерткен кезде әдетіңізді де өзгертесіз.

44. Сынай отырып ұғыну астамдығын өзіңізге қисаңыз, онда ұстанымдарыңызды да өзгерте аласыз.

45. Сөз — жеке бастың жетістігін күйттеу барысындағы қуатты қару.

46. Медициналық сырқатнама, ота мен балдақ тек уақытша сауығуға арналған. Мықты денсаулық жан мен тәннің үйлесімі орнағанда, рухани «мені» қалыпқа келгенде ғана уысқа түседі.

47. Бұл әлемде қолында түрлі-түсті қарындаш пен сурет дәптері бар үш жасар баладан артық бай-дәулетті адамды табу қиын.

48. Ғалам жүрегіңізге жарық-нұр құйды. Бірақ оны жағу үшін тетігін басу керегін ұмытпаңыз.

49. Егер өзіңізге жақсы өмірді қаласаңыз, онда Ғаламның рухани заңдылықтарына сай өмір сүруге тура келеді.

50. Жұрттың сыртынан өсек айтсаңыз, сәттілік уысыңыздан ұшып кетеді.

51. Күн сайын белгілі бір уақытты өзіңіздің рухани жетілуіңізге арнаңыз

52. Жасаған жақсылығыңыздың дені рухани қолдау көрсеткен жандарға оралады.

53. Қайырымдылықты қолда бар кірістен емес, жалпы табыстан жасайтыны секілді, «рухани» берешекті де қолда бар жақсы мен жаманнан аямай түгендеңіз.

54. Сізден талап етілгеннің бәрін шын ниетіңізбен, қуанып, алғыс айта отырып беріңіз.

55. Ғалам өзіне тиесіліні әрдайым қайтарып алады. Сондықтан әр жақсылықты шын ниетпен жасаған дұрыс. Ол тек сіздің таңдау болсын.

56. Қалағаныңызды алу үшін қолда барыңызды беруге дайын болыңыз.

57. Ақыл ойлантып-толғантады, бірақ тек сенім әрекетке бел будырады.

58. Арманыңыз үшін күресуге дайын болуыңыз керек. Арманды бар етуге күш салыңыз. Өзгенің жоққа шығарғанына мән бермеңіз. Ол сіздің арман.

59. Арманыңызды жүзеге асырудың басты инвесторы тек өзіңіз.

60. Рухани жетілуге кофеге төлегеннен артық шығын шығарыңыз.

61. Өзгенің арманына қыстырылмай, өз арманыңызды армандай біліңіз.

62. Жүрегіңіз Алла деп соғу үшін қайыршы болу міндет емес.

63. Жетістікке қол жеткізу үшін шын мәнінде жетістігіңізбен ауруыңыз керек.

64. Өзіңе сенімді болудың ең тиянақты тәсілі — өз әрекетіңді дұрыс жоспарлай білу.

65. Мүмкіндігіңіздің шегінен асу үшін шексіздікті мойындау керек.

66. Жеке бастың мәселесін – оны шешіп бере алмайтын адаммен кеңесудің қажеті жоқ.

67. Егер арманыңызда батылдық, қайсарлық, қиял болмаса, онда ол арман емес, дұшпаныңыз сізге қарсы қолданатын қару ғана.

68. Егер сіз өзіңіз үшін ештеңе істемесеңіз, ендеше неліктен басқа адам сіз үшін бірдеңе істеуі керек?

69. Арманыңыз өзіңіз секілді алып та маңызды болуы тиіс.

70. Мақсатыңыз жөнінде сөз етсеңіз, онда көмектесуге әзір жақтастардың қатары өседі, әрі дұшпандарыңыз пайда болады.

71. Батыл адам болу үшін қайратты адамдармен араласыңыз.

72. Көмекке мұқтаж адам жолыңыздан шықса, есесіне рақмет сұрамай көмектесіңіз.

73. Сіз — руханияттың қайнар көзі және адам баласы болып өмірлік тәжірибе жиятын тіршілік иесі ғанасыз, одан артық түк те емес

74. Адамдарға балықты қалай аулау керектігін үйретіңіз. Егер олар дастарханында дайын тағамды ғана көргісі келсе, онда басқа дастарханға жөн сілтеңіз.

75. Осы аптада кітап дүкеніне барған бес адамды табыңыз, солармен достасыңыз

76. Жетістікке ұмсынған адам таза көлік мініп, мұнтаздай жиналған үйде тұрып, әдемі киінгенді қалайды.

77. Жалға алынған көлікті тазалау, қонақүйдегі төсекті жинап кету – сіздің тұлғалық жетістігіңіздің дәлелі.

78. Кедейлік адамды өтірік айтуға, ұрлық жасауға, кейде адам өлтіруге мәжбүрлейді. Кедейліктің мақтарлық қасиеті жоқ.

79. Егер бұрын көлікке жұмсағандай ақшаны бүгінгі таңда бір-екі туфлиге артық жұмсамасаңыз, онда санаңызды жетістік туралы ойға бұрыңыз.

80. Тәртіп еркіндікке жол ашады.

81. Арманыңыздың орындалу сценариін жазыңыз. Арманыңыздың орындалуын елестету үшін барлық қабілет-қарымыңызды жұмсаңыз.

82. Қағаз ақша — бұл жасаған әр жақсылығың үшін Көктен түскен төлем.

83. Өзіңіздің «Арман трамвайыңызды» жасаңыз. Ол сіз күнде болатын жерде күтсін.

84. Жеңілдікпен алатын заттарға назар сала бермеңіз. Саудаласпаңыз. Алған затыңызға шын ниетіңізбен ақысын төлеңіз.

85. Әрбір көріністі, киноны, кітапты, газет-журналды міндетті түрде сараптап отырыңыз. Сонда олардың санаға әсер ететін тетігін түсіне бастайсыз.

86. Жетістік деген ұғымға жайлы кезең, кездейсоқ мүмкіндік дегеннің еш қатысы жоқ. Сәттілік дегенде бабын келіструден, білімді, ақылды, шебер болуға тәәуелді емес. Сіздің жетістіктің кепілі өз сана-сезіміңіз, қарым-қабілетіңіз, ұстанымыңыз.

87. Кейбір бай адамдар науқас, ашулы, жалғызілікті болады. Оларды жетістікке жеткен адам деп айту қиын. Сол сияқты егер сіздің деніңіз сау, рухыңыз мықты, бақытты отбасыңыз бар болса да, ай сайын тапқаныңыз шайлығыңызға жетпесе, онда сіз де жетістікке жеткен адам емессіз. Жетістікке жету деген өмірдің бар қырын бір арнаға тоғыстыру.

88. Күн сайын ғаламның бағдарлау режимінде өмір сүресіз. Бұл үдерісті ешкім тоқтата алмайды. Бірақ оның сізге не жақсы, не жаман болуын өзіңіз таңдайсыз.

89. Жетістікке жеткен адам бір жобаға кіріспес бұрын оның жетістікке жететін жоспарын жасап алады.

90. Сіздікінен гөрі мақсаты зор, жоспары мықты адамдармен араласыңыз.

91. Жетістікке жетсем деген үрей жеңіліп қалам деген қорқыныштан да мықты.

92. Дәулетті болу — материалды құндылықтың жоқтығы емес, бұл сіздің қолда жоқ дүниеге көзқарасыңыз.

93. Дәулетті болу — материалды құндылықтың шексіз көптігі емес, сіздің соған көзқарасыңыз.

94. Құл да, иесі де надандық пен мұқтаждық деген картинаның суретшілері.

95. Сіздің санаңыз жетістікке жеткізетін амал не кедейлікке түсіретін қайғы болуы мүмкін.

96. Ғаламның заңдылығын өзіңізге тәуелді ете алмайсыз.

97. «Өзіңді жақсы көру» жақсы қасиет екенін түсіну — материалды жетістікке жеткізетін алғашқы қадам.

98. Кедейлер, аш қалғандар, босып кеткендер үшін жасай алар ең үлкен жақсылығыңыз олардың қатарында болмауыңыз.

99. Сізге жақсылық тілей алмайтын адамдардан құтылған күні өміріңіздегі жамандық атаулы жойылады.

100. Күн сайын арманыңызға қарай бір қадам жасаңыз.

101. Дәл қазіргідей арманыңызға мейлінше жақын болмаған едіңіз.

Рэнди Гейдж

Аударған Шынар Әбілдә

Көмек сұрау – ұят емес
Психолог Михаил Литвактың кеңестері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу