Дағдарыс пен күйзеліс

Oinet.kz 12-11-2019 1107

дағдарыс пен күйщзеліс.jpg

Жетістікке жеткен әр адам ара-тұра сүрініп отырады. Жолы болмай, сәтсіздікке ұшырайды. Кей кезде оңбай құлайды. Мысалы, ата-анасының ықпалынан шығып, адам еркін өмір сүре бастайды. Алдымен тұратын жер іздейді. Немесе өте нашар коммуналкада тұрады делік. Қаланың шетіндегі жатақхананың ыстық суы жоқ бөлмесінде. Жағдайы мәз емес, дегенмен жоқтан гөрі жоғары. Немесе жақсы көрмейтін жұмысынан кетеді. Қалтасында көк тиыны қалмайды. Есесіне көңілі көтеріңкі. Өзін еркін сезінеді. Көзі шырақтай жанады. Сол шырақтай жанған көзіне өмірдің талай ғажабы көрінеді. Яки, адам ажырасты делік. Мүлкін бөліседі. Барын тастап кетеді. Қатты қиналатынын біледі. Бірақ жан дүниесінде жеңілдік, мойнынан ауыр жүк түскендей. Ары қарай басқа өмір, басқа арна, бәрі басқаша. Мүлде өзгеше деңгей. Немесе ажырасқан соң етегінен тартып, аяғына жабысқан балшықтан құтылады. Сосын бір айналып келіп сол адаммен басқа деңгейдегі қарым-қатынас құрады. Мүлде басқа түсіністік орнайды. Немесе өмірінде шын махаббатты жолықтырады. Шын жылайды, шын күледі, қайғырады, мұңданады. Бәрі қиын. Баянсыз бақ. Қолы жетпейді. Іштей үгітіледі, алайда рухани жетіледі. Бәрін еркіне жібереді. Өседі. Өмірді таниды. Өзін таниды. Жан-жағына қарап, өмірді осы қалпында сүйетінін түсінеді. Жүрек бақшасы құлпырады. Бүршік жарады. Гүл ашады. Ықылассыз істеген жұмыстан шықсаңыз, жауапкершіліксіз құрған қарым-қатынастан кетіссеңіз, бұйырмас бақтан бас тартсаңыз, өзіңізді етектен тартатын құбылысты еркіне жіберсеңіз – өмір көрген адамдар бұл қадамыңызға қуанады. Бұл қадам басыңды алып қашу емес, келешекке басқан нақты қадам болса, онда қуануға тұрады. Себебі, қараңғы түннен кейін таң атады рауандап. Дағдарыс келешекке бір қадам. Шешім қабылдайтын уақыт.

Аударған Шынар Әбілдә

Өмірдің заңдылығы
Қонаевтың әйелін қорлаған бастықты орнына қойған Заманбек Нұрқаділов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу