Жеткілікті мен лайықты

Oinet.kz 12-11-2019 765

Өзіңе «Менде махаббат жеткілікті» деп айтып көрші. Осылай айтқанда не сезінесің? Жүрек түкпірінен қуаныш бас көтеріп, көңіл күйді жайлы етеді. «Менде ақша жеткілікті», «Менің денсаулығым жақсы», «Менде махаббат жеткілікті», «Менде бақыт жеткілікті», «Менде қуаныш жеткілікті» деп айтқыңыз келеді. Бұл тілектерді өзгерту өз еркіңізде. «Өзіме сенімді боларлықтай сұлумын! Шығармашыл қуатым ерен! Өзімнің бірегейлігіме деген сенім шексіз, сабырым жеткілікті!»

жеткілікті мен лайықты.jpg

Сөздерді қалауыңызша ойнатуға болады. Бала боп кетіңіз. Бойыңыздағы ең көп сезімді сезініңіз. Сол сезімге әдемі аффирмация құрап алыңыз. Шама келсе, көрнекті жерге іліп қойып, көз алдыңызда ұстаңыз. Жетіспеушілік – сіз үшін емес! Сіз де бәрі жеткілікті!

Екінші сөзге келейік. Лайықты. Егер сіөздің қолыңызда бірдеңе жоқ болса, онда оның керегі де болмағаны. Немесе көбіне адамдар өзін сол жоққа лайықсыз сезінеді. Яғни, жоғарыдағы кесте бойынша қайталау керек.

«Мен махаббатқа лайықпын!»

«Мен ақшаға лайықпын!»

«Мен ләззат пен сезімге, нәзіктікке лайықпын!»

«Мен көлік алуға лайықпын!»

«Мен сүйікті болуға, мені сүйетін жанға лайықпын!»

«Өмірдегі бар жақсылыққа лайықпын!»

Өзіңіз сенгенше, көңіліңіз осы сөздерге иланғанша қайталау керек. Сонда ғажайыптар сізді іздеп табады!

Аударған Шынар Әбілдә

Махаббат туралы
Алғыс айту адамның бүтіндігін айқындайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу