Өмір өтіп жатыр

Oinet.kz 03-12-2019 1204

Бір дана бос құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін жинап, оларға:

- Құмыра толы ма? - деп сұрақ қояды. 

Шәкірттері:

өмір.jpg

- Иә, - деп жауап береді

Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырды. Сонда дана:

- Енді толы ма? - деп сұрайды

Шәкірттері бас изеді.

Бұл жолы дана құм толып тұрған қорапты алып, құмыраға құйды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алды

Сонда дана суға толы кесені алып, құмыраға құйды. Шәкірттері мұны көріп, күлді

Дана сонда былай дейді:

- Сендерге айтайын дегенім, құмыра — біздің өміріміз. Тас — өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, сүйікті жұмысың және денсаулық. Бұршақ — бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, ұнамайтын жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б.

Құм — кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер.

Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды.

Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың жетпейді... Өміріңіздің қандай заттармен толып, мән алып тұрғанына бір рет көз жүгіртіңіз

Неге әйелдер жылайды?
Әкім кімнің алдында иілді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу