Әкім кімнің алдында иілді?

Oinet.kz 04-12-2019 1543

Бір күні бір ауданның әкімі қатты ауырып емханаға түседі. Әкімнің қалын сұрауға қымбат көлік мінген байлар келіп жатты. Олар өздерімен бірге тамақтың түр-түрін әкелумен болды.  

Бауыржан Байбек.jpg

Көрнекі сурет

Бір күні үстіне ескі киім киген бір шал қалын сұрауға келеді. Әкім орнынан тұрып, құшақтап көріседі. Алып келген сорпасын «дәмді болыпты» деп рахаттана ішеді. Кетерінде сөмкесіне түрлі-түрлі тағамнан салып, жолға дейін шығарып салыпты. Оны көрген бас дәрігер:

— Әкім мырза, сізге қымбат көлік мінген адамдар келіп қалыңызды сұрайды. Сіз тіпті орныңыздан тұрмай көз қырыңызбен амандасасыз. Әкелген тағамдарын да жемейсіз. Ал мына келген шалдың тамағын жеп, тіпті жолға дейін шығарып салдыңыз. Неге? — деп сұрайды. 

Сонда әкім:

— Менің бес ұл, жалғыз қызым бар. Келіп-кеткен байлардың қыздары – менің үйімде келін. Ал менің қызым – осы шалдың келіні. Сондықтан ол қандай тағам алып келсе де мақтап ішемін, — деген екен. 


Өмір өтіп жатыр
2018 - Ит жылы. Қандай жыл?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу