Жасырын жақсылық

Oinet.kz 11-12-2019 2177

Шағын ғана ауылда бір шебер ұста өмір сүріпті. Ол ағаштан әдемі заттар жасап, оны қымбат бағамен сататын болған екен. Күндердің күнінде оған бір кедей ауылдасы кіріп: 

“Сен өзіңнің еңбегің үшін жақсы ақша аласың. Алай-да кедей адамдарға жәрдем бермейсің. Ана қасапшыға қарашы! Жұмысынан көп пайда көрмесе де, әрдайым адамдарға тегін ет таратып, сауап алғысы келеді. Сен сол қасапшыдан үлгі алсаңшы!” — дейді. Ұста оның бұл сөзін үнсіз тыңдап болған соң, ары қарай жұмысын жалғастыра береді. Оның бұл әрекетінен көңілі қалған қария ашуланған күйі шығып кетеді.

ұста.jpeg

Бұл оқиғадан соң біраз уақыт өткенде ауыл арасында: 

“Ана ұстаның байлығы қандай көп болса, сараңдығы да сондай қатты адам екен”, — деген қауесет жүреді. Ауылдастарының оған қатты ренжігені соншалық, қатты ауырып қалса да, ешбірі халін сұрап, зиярат етпейді, жәрдемін ұсынып, қол ұшын созбайды. Содан ұста қайтыс болады.

Уақыт зымырап өте берді. Адамдар сол аралықта қасапшының әдетінше тегін ет таратуды қойғанын байқайды. Таңқалған олар қасапшыдан мұның себебін сұрағанда қасапшы: 

“Ұста көзі тірі кезінде маған үнемі ақша әкеліп беретін. Сол ақшаның есебінен мұқтаж адамдарға ет таратуымды тапсыратын. Ал енді ұста да жоқ, ақша да жоқ”, — деген екен.

«Тракторшының махаббаты». Әрі көпірме, әрі көшірме дүние
Жастарға ақыл айтар ақсақалдар қайда?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу