Нумеролог: Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді

Oinet.kz 19-03-2019 948

Screenshot_2.png

Танымал нумеролог "Айта берсін" бағдарламасында Димашқа қатысты қызық болжам айтты. Клара Күзденбаеваның пікірінше, Димаш Құдайберген Баян Алагөзованың күйеу баласы болуы тиіс еді. Өйткені Айсәуле мен Димаштың нумерологиялық бағдарламасы бір-біріне сай келеді екен.  

"Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді. Неге десеңіз, Айсәуле 22 мамыр күні дүниеге келген. Бұл - көпсериялы эпопея күні. Ең қызығы, Димаш екеуінің бағдарламасы ұқсас. Ол да әртістік, шығармашылық қабілетке ие. Сондай-ақ, бағдарламасында үш бірдей 3 саны бар, өте талантты қыз. Сабырлы, әділ, ашық, еңбекқор, харизматикаға толы. Ең бастысы, Айсәуледе әйел бақыты бар. Сондықтан да бәрі оны жақсы көреді. Ол - ақылды қыз, бірақ сәттілік оның серігі емес. Көптеген адамдарда сәттілік жоқ. Оның анасында да сәттілік жоқ. Сондай-ақ, оның сарапшылық қабілеті өте жоғары", - дейді әр айтқаны дөп келетін нумеролог. 

Күзденбаева тіпті Айсәуленің қашан балалы болатынын айтып берді. "Айсәуле сан бағдарламасы бойынша 23 жасында ана атануы тиіс.Ұлды болады", - дейді ол.

Тұрсынбек әйелін енді қинамауға уәде берді
Қайтыс болған адамды жуындырған шүберекпен неліктен әйелдің омырауын сүртеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу