Тұрсынбек әйелін енді қинамауға уәде берді

Oinet.kz 19-03-2019 1201

28433324_1980503291977536_2727265329146232832_n.jpg    

Жақында Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың отбасында бесінші сәби дүниеге келді. Ұл балаға Райымбек батырдың есімі беріліпті. Танымал әзілкеш кенжетайының есімін Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловқа қойдыртыпты. Бұл туралы "Айта берсін" бағдарламасында айтылды. 

Мөлдір перзентханаға бара жатқанда қорыққанын жасырмады. 

"Тұрсынбек екеуміз перзентханаға кірдік. Ол серіктес болмаса да, менімен бірге барды. Жалпы УЗИ-ге баруға қорқатын адам ғой. Кіріп бара жатқан кезде екеуміз еңіреп жыладық. Адамға түрлі ой келеді екен. Қазір енді 35 жастамын, жасырмаймын. Үйде 4 бала бар, қандай жағдай болады, аман-есен перзентханадан шығамын ба деген сияқты қорқынышты ойлар да болады екен. Екеуміз қоштасқандай болып, құшақтасып жыладық. 5-6 сағаттан кейін босандым", - деген Мөлдір бүгінде ұлының 2 айдан асқанын, денсаулығы жақсы екенін айтады.

Бір қызығы Тұрсынбек 35 жастағы келіншегін енді қинамауға уәде беріпті. "Перзентхананы бір айналып келіп: "Бәрі жақсы ма? Денсаулығың дұрыс па? Енді қинамаймын сені, осыдан кейін тоқтатайық", - деді Тұрсынбек", - деп күлкімен еске алды Мөлдір Мұқанова.

"Елдің бәрі Райымбек батыр деп сөйлейді. Өзі де ерекше, бір қолын көтеріп туылды. Абылай хан солай туылыпты, қаншылықты рас-өтірік білмеймін, тарихта сондай бар екен. Соған қарағанда, батыр, елім, халқым дейтін азамат болады деп үміттенемін. Бұл баланың тағы бір ерекшелігі, жүкті кезімде екі күннің бірінде елбасын түсімде көретінмін. Бақытты боп оянамын. Осы күні ол кісіні теледидардан көрсем, өзімнің ағамның көргендей боламын. Өйткені 9 ай бойы президентті түсіңде көру деген мүмкін емес. Біз қазақ жақсыға жоримыз ғой",-  дейді Мөлдір Мұқанова. 

Серікбол Сайлаубек: 16 жасымда зейнетке шықтым
Нумеролог: Айсәулені Димашқа тұрмысқа беру керек еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу