Мөлдір Әуелбекова: Ұлыма әкесін қанша мақтасам да елемейді, себебі бауырына баспаған

Oinet.kz 10-06-2022 717

Мөлдір Әуелбекова бұрынғы жолдасы мен ұлының арақатынасы жайлы айтты. Әнші ұлының әкесіне жақын болып өскенін қалайды. Алайда бұл арманы әзірге орындалмай тұр.

Screenshot_3.jpg

Желідегі оқырмандары әншіден бұрынғы жолдасы мен күйеуінің арақатынасы туралы сұрады. Әнші олардың сауалы жауап беріп, мән-жайды түсіндірді. 

“Бір жылда бір келіп көріп кетеді. Осы биылғы ораза айынан бастап, екі ай болды көмектесе бастады. Рахмет. Не түрткі болғаны маған белгісіз. Бір-бірін жақын танып, араласса - қуанамын. Бірақ балам қанша әкесін есіне салып, мақтап отырсам да әзірге онша елемейді. Себебі әкесі бауырына баспаған. Алдағы уақытта ол да түзелер”, –деп жазды Әуелбекова.

Айтуынша, ұлы әлі кішкентай. Әкесіне бауыр басып үлгермеген. Әке мен бала көп көріспейді. Дегенмен соңғы уақытта әкесінің ұлына көмектесіп жүргенін мойындады. 

Әнші Jah Khalib алғаш рет әке атанды
Қайрат Нұртас отбасы туралы қауесеттерге нүкте қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу