Әнші Jah Khalib алғаш рет әке атанды

Oinet.kz 08-06-2022 696

Қалың көпшілікке Jah Khalib лақап атымен танымал рэп орындаушы Бахтияр Мамедов алғаш рет әке атанды. Әртістің келіншегі қыз баланы дүниеге әкелген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Бұл жаңалықты Jah Khalib-тің өзі "НТК" арнасына берген сұхбатында растады. Өнер иесі қызды болғанын хабарлап, әке атанудың аса ерекше сезім екенін атап өтті. Белгілі болғандай, рэп орындаушының тұңғышы екінші мамырда дүниеге келген. Оған Сафия деген ат қойылды.

"Алланың қалауымен мен әке атандым. Бұл менің өмірідегі жаңа кезең болары сөзсіз", - деді Бахтияр Мамедов. Әншінің анасы да немерелі болуына байланысты қуанышын жасыра алмады.

"Енді менің үш немерем бар. Үш ханшайымым. Бұл деген бақыт қой. Екі үлкен немерем және екінші мамырда дүние есігін ашқан Сафия", - деді Ләззат Мамедова.

"Осы ұлым аман-есен болсын": Сәдуақасова тағы да балалы болғысы келетінін айтты
Мөлдір Әуелбекова: Ұлыма әкесін қанша мақтасам да елемейді, себебі бауырына баспаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу