«Төрт жасар ұлымен қоса ұрған»: Екінші күйеуінен зорлық көрген әйелдің оқиғасы

Oinet.kz 15-06-2020 3247

Алматы қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық және дағдарыс орталығын паналаған мүгедек келіншектің оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Екінші рет тұрмысқа шыққан Ұлпан (аты-жөні өзгертілді) күйеуінен қорлық көріп, қыстың қақаған суығында далада түнеуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

125812.jpg

Ұлпанның бірінші некесі де сәтсіз болды. Кейін ол төрт жасар ұлымен бірге екінші рет таңдау жасап, тұрмыс құрған. Алайда, онсыз да мүгедектігі бар келіншекті жолдасы аяусыз ұрып-соғып, кішкентай ұлын да таяқтың астына алған. Соның салдарынан, төрт жасар бүлдіршін бас-ми жарақатына ұшырайды. Ұлпанның ата-анасы ажырасып кеткен. Бүгінде әрқайсысы өз отбасымен күн көріп жатыр. Өкініштісі сол, Ұлпанға көмек қолын созуға әкесі де, шешесі де мүдделі емес. 

Ал 2019 жылы ол екінші жолдасынан жүкті болып, дүниеге қыз бала әкеледі. Бірақ өз сәбиінің өмірге келгені де күйеуін қуанта қойған жоқ. Жолдасы қыстағы аяз бен боранға қарамастан, Ұлпанды далаға қуып жіберуін тоқтатпайды. Ақыры амалы таусылған Ұлпан 22 жастағы інісіне қашып келеді. Ол полиция қызметкелеріне хабарласып, келіншекті балаларымен бірге Алматыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық орталығына жеткізген.

Бүгін Денис Теннің туған күні
Мұхамеджан Тазабек: Бізді сәләф дейтіндер – отпен ойнап жүр!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу