Сәбит Әбдіхалықов: Вашингтон, Рим ұлы қайраткерлердің атымен аталған

Oinet.kz 23-03-2019 1197

Screenshot_15.png

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы ұсынысы халық арасында қызу талқыға түсті. Қолдағандар да, қарсы шыққандар да табылды. Ал танымал тұлғалар арасында елордаға Нұр-Сұлтан атын беру ұсынысын кімдер қолдады? 

Әуезов атындағы драма театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов мұндай тәжірибені әлемнің көптеген озық елдері қолданғанын айтады. Бұл орайда ол Тоқаевтың ұсынысын толығымен қолдап отыр. 

"Сағат сайын өзгеретін әсем қала Астана өзінің зәулім ғимараттарымен бой көтеріп, еліміздің мәртебесін асқақтатты. АҚШ-та Вашингтон, Италияда Рим және де көптеген үлкен астана мен мегаполистер ұлы қайраткерлердің атымен аталған. Сондықтан да Астана қаласының сәулетшісі болған атауын бүгінде "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту туралы ұсынысты қолдаймын", - деді ол.

Серік Сәпиев те бұл пікірге қосылды. 

"Мен Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданы, республиканың басты көшелерін елбасының атымен атау ұсынысын толықтай қолдаймын. Нұрсұлтан Әбішұлының елге сіңірген еңбегі зор. Ол мұндай құрметке лайық деп санаймын", - дейді ҚР МСМ спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Дәл осындай пікірді Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов те білдірді. 

"Елбасының сіңірген еңбегі орасан, ол мұндай құрметке лайық деп есептеймін", - дейді ол.

Сол сияқты "Қазақконцерт" ұйымының басшысы, әнші Жеңіс Сейдоллаұлы Нұр-Сұлтан атауын қолдағандардың қатарында. 

"Өйткені Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемен елімізді қалыптастыру жолында ерен еңбек еткен, елордамыз - Астананың негізін қалаған күллі қазақтың жүрегінен орын алған кемеңгер тұлға", - дейді ол. 

Сондай-ақ, көркем гимнастикадан спорт шебері Әлия Жүсіпова, боксшы Иван Дычко және тағы да басқа танымалдар Тоқаевтың ұсынысын қолдап отыр.

Дереккөз: stan.kz

Болат Жылқышиев: «600 миллион теңгеге салынған Қонаев даңғылын 800 милиион теңгеге қайта жөндеудің қ
Данэлия Төлешова Димаштың даусын естіп тілден қалғанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу