Күйеуі көресіні үйленгеннен кейін көрсетті

Oinet.kz 21-07-2020 2197

Мектепті үздік бағамен аяқтап, жоғарғы оқу орнына грантты жеңіп алдым. Қызыққа толы студенттік өмірім басталды. Біздің топта тек қыздар оқыдық. Қыз жүрген жерде қызықта қатар жүретіні анық қой. Әр күніміз қызыққа толы болып өтіп жатты. Ақырындап топтағы қыздармен достасып, жақын сырласатын дәрежеге жеттік. 

1548056286_31.jpg

Арамызда еркелеп жүрген Айдана есімді ерке құрбымыз бар еді. Өте инабатты әрі ибалы, сабақты үздік оқитын, көздің жауын алатын сұлулығы тағы бар. Университеттегі ағайларымыздан бастап өзімізбен қатар студент жігіттер Айдана десе ішкен асың жерге қоятын. Бірақ сұлулығымен қоса кербездігі бар Айдана оларға мысқырып та қарамады.  

Жалпы лекцияларды параллель топтармен бірге өтеміз. Музыкалық білімде оқитын Дастан лекция бойы Айдананың сұлулығына таңдана қарап отыратын. Оны бәріміз білеміз. Кербез Айдана іштей біліп тұрғанымен, оған мүлдем қайрылып та қарамайтын. Дастан біз арқылы оған гүл, тәттілер беріп жібергенімен, Айдана бірінде қабыл алған жоқ. Есесіне біз тәттімен күліп отырып шәй ішіп алатынбыз. Айдана мен Дастан керемет жұп болатын еді, бірақ қыздың жүрегінде басқа жігіттін бар екенін біз кейін білдік. 

3 курстың көктемінде Айдана тұрмысқа шықты деген хабарды бәріміз естіп, қуандық. Бұл хабар бәрінен бұрын Дастанға қатты ауыр тиді. Ол біраз уақыт университетке келмей қойды. Араға бір апта салып басына ақ орамал таққан, жүзі бал-бұл жайнаған, бақытты Айдана ортамызға қайта оралды. Оның нұрланған түрін көріп оның шексіз бақытты екенін бірден түсіндік. 

Күндер тоқтаусыз өте берді. Айдана күнделікті сабаққа келіп жүрді. Ал Дастан сол күйі оқудан шығып кетті. Әрине, Дастанның жасаған әрекеті дұрыс емес. Бірақ сол оқиғадан соң Дастан қатты өзгерді. Тек сабақтарын жауып кетуге келгенде көргеніміз соңғы рет екенін білдік. 

Бір күні құрбым Айданамен түскі тамақты бірге іштік. Сол сәтте менің ойымдағы бақыттан басы айналып жүрген Айдананын шын тағдыры мені қатты алаңдатты. Тұрмыс құрған соң Айдананың өмірі түбегейлі өзгеріпті. 

- Маржан, барлық мұңды іште сақтай берсен жынды адам болып қалады екенсін. Бұл туралы ата-анама, бауырларыма айта алмаймын. Өзін білесің, Жандоспен мектеп кезден сөйлесіп жүрдік. Бірге қаншама бақытты жылдарды өткізіп, бір-бірімізді толық танимыз деп ойлайтынмын. Қателесіппін! Ішпейді, шекпейді деген күйеуім үйленгеннен соң түбегейлі өзгерді. Тіпті, кеше бірінші рет маған қол көтерді. Жолдас балдарымен отырысқа кеткен еді, ішіп келді. Қатты қорықтым. Мен үшін Жандос әлемдегі ең керемет жігіт еді ғой. Бірақ, қатты қателесіппін! 

Қыз-жігіт болып жүрген кездер ең бақытты күндерім болып қалды. Оған қоса, енем әр ісімнен қателік тауып, ұрыс шығаруға дайын тұрады. Баста үндемей тыңдап отыратынмын, бірақ соңғы уақытта ата-анамды жамандайтын болды. Онсыз да бала көтере алмай күнде жылап жүрген мені күйеуім бір жақтан, енем бір жақтан сөйлеп жылата береді. Сөздерін елемеуге тырыссам да, бірақ айтқан сөзі жүрекке оқтай қадалады. 

Маржан, кейде оңашада Дастанды ойлаймын. Ол мені риясыз жақсы көрді ғой. Мені бақытты ету үшін бәріне дайын еді. Бірақ мен ол кезде тек Жандостан басқа ешқандай жігітті көрмедім, көзім соқыр болып қалған екен. Дастанның жылаған сәті есіме түскенде өзімді кінәлідей сезінемін. Кейде Дастанның ұсынысын қабылдағанымда, қазір өмірім басқаша болар ма еді. Бірақ, білмеймін.....

Бақыттан бал-бұл жайнап жүрген Айданамыздың тағдыры осылай өрілген екенін сол сәтте біліп, қатты қиналдым. Бұрында апам айтып отыратын «жігіттің құшыры ұрады» деп. Сол рас па деп қалдым. Айдана өзі үшін жанын беруге дайын Дастанды менсінбей, Жандосты таңдағаны сонын дәлелі шығар. Тағы білмедім........

Асылып өлген сіңлісі түсіне кіріп, өзін кім өлтіргенін айтып берді
​Жүкті әйел асүй пышағымен ішін тіліп, сәбиін өз қолымен алып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу