Құдыққа түсіп кеткен 1 жасар баланы екі күн дегенде әрең алып шықты

Oinet.kz 26-03-2019 799

116392.jpg

Құдыққа түсіп кеткен 1 жасар баланы екі күн дегенде әрең алып шықты. 

Оқиға Үндістанның Харьяна штатында болды.

Бір жас алты айлық бала 18 метрлік тереңдіктегі жіңішке құдыққа кіріп кеткен. Құтқару операциясы екі күнге созылды. Құдыққа құлаған баланы көру үшін түнге арналған камера пайдаланылды. Баланы тордың көмегімен шығармақ болды. Алайда ол ой іске аспаған.  Осыдан соң құтқарушылар мен әскерилер бірінші құдықтың жанындағы 6 мертлік екінші құдықты қазды. Кейін тоннельді біріктіріп, осылайша баланы алып шықты. Жер құлап кетпес үшін топырықты қолмен қазды. Құтқарылған бала емханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. 

Дереккөз: Stan.kz

Screenshot_2.jpg

Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек
Нұржан Керменбаев неге той жасаудан бас тартты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу