Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды

Oinet.kz 27-03-2019 1421

9cd6743d6976f01633b2a268a9eedf05.jpg

Алматыда бір отбасының үш мүшесі мерт болды. Ерлі зайыпты мен олардың небәрі 3 жастағы баласы жан тәсілім етті, деп хабарлайды КТК.

Оқиға түнгі уақытта Алматыдағы Бауыржан Момышұлы көшесінде болды. Хюндай көлігін Тойота Ланд Крузер көлігі қағып өтті. Соққының ауыр болғаны соншалық 26 жастағы әйел мен 3 жасар баласы сол жерде көз жұмды. Ал, көлікті басқарып отырған отағасы ауруханаға ауыр күйде жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады. "Науқастың жағдайы тым ауыр болды. Оның өкпесі жарылып кеткен. Ол ауруханада 3 сағат жатып мерт болды", - дейді №7 қалалық клиникалық ауруханасы бөлім меңгерушісі Рамазан Әскеров.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Нұржан Керменбаев неге той жасаудан бас тартты?
Гауһар Әлімбекова: Моральдік тұрғыдан шаршадым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу