Қайын әпкем аяусыз ұрды: Қайын жұртынан қорлық көрген келіннің жан сыры

Oinet.kz 02-08-2020 1804

Айнұр мен Жанболат бір-бірін ұзақ уақыт танып, отбасы құрды. Алғашқы уақытта бәрі керемет еді. Таңертең ерте тұрып өзінің келіндік қызметін қуанышпен жасап, үйдегілерге әркез қуаныш жасау үшін барын салып жүретін. Енесі аздап қаталдау болғанымен Айнұрға айтар артық ауыз сөзі жоқ. Істеген жұмыстарынан қателік те іздемейді. Жанболат күнделікті жұмысқа барып, келеді. Айнұр үйде енесімен бірге жалғыз қалатын. 

13596565.jpg

Бірақ осындай қуанышты күндер ұзаққа созылмады. Жанболаттың жалғыз Әлия есімді әпкесі бар. Тұрмыс құрған, жақын жердегі ауылда тұрады. Айнұр оны беташардан соң көрген емес. Түскі уақытта үйге Әлия қайынәпкесі балаларымен келді. Бірақ оның суыт келгені енесіне ұнамағанымен, сыр білдіртпеді. Дегенмен, іштей бірдене болғанын бәрі сезіп отыр. Көзі көгерген, аузы жырылған Әлияның жағдайы бәрін уайымдатты. Айнұр түсіне келе, қайынәпкесін жездесі ішіп келіп, аяусыз ұрғандықтан, төркінінен кетіп қалған екен. Бірақ бұл жағдайды Айнұр жақсы қабылдады. Оның көзінше қайынәпкесі әлемдегі ең ғажап жандардың бірі еді. Уақытша…..

Әлияның төркінінде жүргеніне де бір айдай уақыт болды. Күйеуімен заңды түрде ажырасты. Екі баласымен төркінін мекендеп отыр. Әлия келінінің әр ісінен кемшілік тауып, отырса опақ, тұрса сопақ етіп, ұрыс іздеп отырады. Айнұр үнсіз айтқанын істеп, жағдайын жасауда. Бір ауыз сөз сөйлеуге қорқады. Қит етсе «менің күйеуден қайтып келгенімді жақтырмайсыңдар, мені жек көресіңдер» деп жылап шыға келеді. Бұл жағдайда, әрине, ешкім оған қарсы ештене айта алмайды. Онсызда көңілі жетім деп үнсіз қалады. 

Бірақ соңғы уақытта Әлия тым шектен шығып кетті. Айнұрды өзіне жау көріп, ұрыс шығарып жүргені аздай, бір күні оны ұрлықшыға да шығарды. Әрине, Айнұр оның затын ұрлайтын адам емес. 

Бір күні Жанболат пен Айнұр кешке мейрамханаға тамақтануға кетті. Анасы бұл кезде көршінің үйіндегі жиында болатын. Үйде тек Әлия балаларымен қалды. Осы кезде ол өзінің сақинасын Айнұрдың алтындар салатын қорабына салып қойып, бір «ұлы соғыстың» басталуын күтіп үйде отырды. Таңертең Әлия түк болмағандай сақинасын шарқ ұра іздеді. Оны уайымдап бәрі үйдің бұрыш-бұрышын қарап жүр. Бір сәтте Әлия Айнұрға «сен алдың, ұрлықшы» деп айқайлап, оның жағасынан ала жүгірді. Түкті де түсінбеген келін үнсіз қарап қалды. Әлия оның бөлмесін біртіндеп ақтарып шығып, өзі тығып қойған сақинаны тауып шықты. Айнұр аң-таң. «Мен алған жоқпын» деп мың рет айтса да оның сөзіне ешкім сене қойған жоқ. Ал Әлия оны ашумен аяусыз ұрды. Қайыпәпкесінен көрген қорлығына шыдай алмай Айнұр төркініне кетіп қалды. Бұл уақытта Жанболат жұмыста болатын.  Кешке келіп болған жағдайдын бәрін білген соң, Айнұрға барды. "Ол мені алып кетуге келді" деп қуанған көңілің су сепкендей басып тастады. Сүйген жары қолдау көрсетудің орнына, әпкесімен қосыла жала жауып, ұрсып кетіп қалады. Бұл жағдайлардың бәрі Айнұрға қатты соққы еді. Ал қазір ол не істерін білмей төркінінде қу тізесін құшақтап отыр. Әділетсіз өмір…….

Анасының рухы құтқарып қалды
Елестермен сөйлесетін қыздың хикаясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу