Кенеттен жауған жаңбыр ер адамды байлыққа кенелтті

Oinet.kz 20-08-2020 1456

АҚШ-тағы Вирджиния штатының Питерсберг қаласының тұрғыны кенеттен жаңбыр жауған кезде дүкенге пана іздеп кіріп, сол жерден лотерея билетін сатып алған.

Гарланд Харрисон көшеде келе жатқанда күтпеген жерден жаңбыр жауа бастағанын айтты. Америка азаматы жақын маңдағы дүкенге пана іздеуге шешім қабылдаған. Уақытты өткізу үшін ол лотерея билетін сатып алған.

Харрисон үйге оралғанда, билеттің оған байлық әкелгенін білді. Жүлде 158,4 мың долларды (66,8 млн теңге) құрады.

Жеңімпаз ақшаны не үшін жұмсайтынын әлі білмейтінін айтты.

Құдағиымнан ұяламын
Фильмге түсуден жаны жараланған актерлер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу