Ақбота Сейітмағамбет өзіне әлдекімнің дуа жасағанын айтты

Oinet.kz 03-04-2019 1450

Screenshot_6.jpg

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет (Айдарқұлова) күйеуі Дәуренмен танысқан шақты еске алды. "Гламур для дур" фильмінің түсірілім алаңында табысқан жастар бірнеше айдың ішінде бір-біріне бауыр басқан. Дәуренні өзіне деген көңілін байқаған Ақбота оған қалай ғашық болып қалғанын аңғармай қалған.

Бұл туралы әнші  7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасында айтты.  

"2016 жылы наурыз айында таныстық. Ал некемізді қыркүйек айында қидық. Басында біразға дейін "аға" деп жүрдім. Ол уақытқа дейін менімен сөйлесіп жүрді, киноға апарып жүрді. Өзінің көңілін көрсетіп, білдірді. Бірге жүре-жүре бір-бірімізге бауыр бастық, сезім пайда болды. Солай отбасы болып кеттік", - дейді Ақбота-Нұр.

Жас ана қара дуаның бар екеніне сенеді. Себебі өзінің басынан өткен. Айтуына қарағанда, тұңғышына жүкті кезде молдалардың бірі оның дуаланғанын ескерткен. 

"Құдай сақтасын. Бірақ осы уақытқа дейін молдаларға барып, дем салдырғанбыз. Өйткені халықтың алдында жүргендіктен көз тиеді, тіл тиеді. Жүкті кезде біраз ауырдым. Ашып айтпай-ақ қояйын, бірақ маған дуа жасалғанын да ескертіп айтты", - дейді Ақбота-Нұр.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Айқын: Көп балалы әке боламын
Асан Пердешов те қыз ұзатып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу