«Қазіргі еркектер тым сыпайы» - Бейсен Құранбек

Oinet.kz 28-01-2020 631

Бейсен Құранбек.jpg

- Біздің байымыз кезінде арыстандай ақырып тұрушы еді. Қазір қатынынан қорықпай айқай салатын еркек бар ма өзі? - деді ойына ой түсіп кеткен апам.

- Қайтеді екен деп: "Әй, қатын!" деп айқай салдым, ас үйде жүрген келіншегіме.

Айтарымды айттым ғой. Бірақ, ішім қылпылдап кетті, ренжіп қалмас па екен деп..

Содан ба, дауысым да түз тағысынікіндей ызбарлы емес, цирктегі аңның үніндей жалынышты шықты..

Соны байқап қойған апам: атаң айқайлағанда мен сүрініп, қабынып жетуші ем, сенің "әй, қатыныңнан" анауың селт етпеді де ғой деп күлді.

Апаммен арадағы жарасымды қалжыңның бірі ғой. Десе де, ойланып қалдым. Қазір біз еркектер тым сыпайы боламыз деп еркектік табиғатымызды ұйықтатып тастаған жоқпыз ба?

Мәди Ахметов туралы не білеміз?
Заманбек Нұрқаділовтың қызы әкесіне арналған әсерлі видео жариялады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу