Біліп жүрші...

Oinet.kz 20-05-2019 1753

Screenshot_29.jpg

«Оралда 23 жасар қыз өзіне қол жұмсамақ болды» , «Сарыағашта өмірден түңіліп өлмек болған әйел құтқарылды» деген мәтіндегі мақалалардан сіз де жалықтыңыз ба? Суицид жасағысы келетіндердің 70 % өзінің ішкі сырын тыңдатқысы келеді екен. Қоғам болып өмірден мән таппағандардың жан айқайына үңілсек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 10 миллион адам өзіне қол жұмсамақ болады. Суицидтен жылына 1 миллион адам өлім құшады. Ұйым мәліметі әйелдер дәрі ішу тәсілі, ерлер асылу тәсілі арқылы өзіне қол жұмсайтынын айшықтаған.

Суидцидке жетелейтін  топ 5 себепті назарларыңызға ұсынамыз:

Сәтсіздік – өмірде діттеген мәресіне жетпеген адамдарға себеп осы. Епсіздіктің салдарын «жолым болмады» деп бағалау депрессияға жетелейді. Атақты өнер тапқыш Томас Эдисонның биографиясына зер салайық. Мектеп басшылығы Эдисонның анасына: «Сіздің ұлыңыздың ақыл-есі дамымай қалған. Оны өзге балалармен оқыта алмаймыз. Балаңызды өзіңіз үйде оқытсаңыз екен» деген мәтінде хат жолдаған. Анасы баласына хатты былай жеткізген: «Сіздің ұлыңыз – данышпан. Біздің мектеп тым кішкентай. Мұнда ұлыңызды оқыта алатын мұғалім жоқ. Балаңызды өзіңіз оқытсаңыз!» . Кез келген ситуация қабылдауға байланысты екенін осыдан соң ұғынуға болады.

Жалғыздық – қоғамнан өзін оқшау ұстайтын, сыртқы ортаның жылуын қажет ететін адамдарға тән. Жасөспірім кезеңде өзіне деген сенімді сыртқы ортаның мейір, шапағатынан іздейтін өскіндердің үміті ақталатын сәт аз. Әйгілі психолог Дейл Карнеги жалғыздықты жақсы көрді. Ол қалай орта қалыптастыруға болатыны жайлы еңбектер жазды. Қаншама миллион оқырманды мәнге, жалғыздықтан арылуға жетеледі. Бірақ өзі өмірден мән таппай, жалғыздықтан жабығып өзін атып өлтірді.

Қысым – қарызы бар адамдардың қайтаруға материалдық жағдайы жар бермегендіктен туындайды. Психологиялық соққы алған адамдар шешімді өзіне қол жұмсаудан іздейді. Немесе сыртқы ортадан қандай да бір шектеулердің басым түсуі салдар болады. Мысалы, Эрнест Хеменгуэй ФБР-дің тарапынан көп қысым көреді. Негізі Куба тыңшысы ретінде айыпталады. Абсолюттік бақылаудан жаны жасыған Хеменгуэй өзіне қол жұмсап бақиға аттанады. «Жазмыш» кітабында Қадыр Мырза Әлі заңғар жазушы Бердібек Соқпақбаевтың арқанға асылып қаза тапқанын жазады. Әріптестері КГБ

тарапынан көрсетілген қысым негіз болды деген пікір айтып келеді. «Асылып қалған жоқ, асып кетті» дейтіндердің де қарасы бар.

Тәуелділік – алкоголь өнімдеріне, құмар ойындарына жіпсіз байланатын жандар. Өмірде жетістіккен жетпегендіктен, жеңіл ойын түрлерінен ләззат іздейді. Қалауы қанағаттанбаған тұлғалардың тағдыры драмалық шешім табады. Мысалы классик жазушы Джек Лондон морфийді дозасынан көп қабылдап, көз жұмған.

Баянсыз махаббат – жасөспірімдерге тән шешім. Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындардың белсенді жасы 15-19 жас. Топ бестің көшін бастаған бұл пункт сол жасөспірімдердің шешімімен актуальдылыққа ие. Шекспирдың «Ромео-Джульетта» пьесасын еске алайық. Ромеоның өліміне төзбеген Джульета өзіне қанжар сұғып өледі. Өмірдің мәнін қыз-жігіт арасындағы нәзік тсезімнен іздеу әлсіздік. Кісінің махаббаты өмірге, ата-анаға да арналады. Бірақ, ата-ана баланың өмірге деген құштарлығын оятып, жылылық сыйлауы тиіс. Жақындарынан мейірімді толық сезбеген сәтте жасөспірім жылуды сырттан іздейтінін есте ұстаған абзал.

Жасөспірімдердің арасында суицид көрсеткіші жоғары. Оған түрлі тұрмыстық себептерден тыс сыртқы ортаның қысымы әсер етуі мүмкін. Суцидке жетелейтін виртуальды ойындар түбегейлі жойылмай, маусым сайын бас көтеріп тұрады. Мектептегі 2 психолог 700-1000 баланың жанына үңілуге қауқарсыз. Мектеп-білім ордасы. Тәрбиенің негізі отбасыда қаланады. Бала реал өмірден виртуалды өмірге көшпеуін қадағалаңыз. Оның қандай ақпараттарды қолданатынын бақылауда ұстаңыз. Ата-аналарға балаларын бақылауға арналған ұялы телефон қосымшалары бар. Лажы болса, соны жүктеп қолданыңыз. ҰБТ жақындағаннан түлектер стресске бейім болады. Ата-ана баланың енжарлығынан немесе өзіне бағалы заттарды өзгелерге сыйға беруді үдеткен сәттен секем алса болады. Қазақстанда іздеуші бағдарламалар арқылы қандай сөздерді іздейтіндігіне сараптама жасаған. Ең көп ізделетін сауал «Қалай оңай өлуге болады?» екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының суидцид рейтингінде Қазақстан алғашқы бестікке енген.

Әлемде әр 40 секунд сайын 1 адам өзіне қол жұмсайды. Ақын Владимир Маяковскийдің өзіне қол жұмсамас бұрын мынадай  хат жазған.

Баршаға!

Мен өлген соң ешкімді кінәламаңыз, өтінемін, өсектемеңіз де. Өлілер мұны ұнатпайды!

Анашым, бауырларым, таныстарым кешіріңіздер – бұл ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАТЫН ЖОЛ ЕМЕС (өзгелерге осылай жасауға кеңес бермеймін) бірақ менің басқа амалым жоқ....»

Яғни индивидке шешімі жоқ деп тапқан ситуация өзіне қол жұмсауға себеп болады. Шешілмейтін түйін жоқ. Шеше алмаймын деген комплекс қана бар.

Біліп жүрші...

Өзінің қаншалықты маңызды екенін білмейтін адамдар бар.

Өзіне қаншалықты адамның мұқтаж екенін білмейтін адамдар бар.

Өзгенің өмірінде жай ғана пайда болғаны зор бақыт екенін білмейтін адамдар бар.

Өзгелерге жай күліп қарағаны қаншама қуаныш сыйлайтынын білмейтін адамдар бар.

Өзінің етене жақындығы бізге олжа екенін білмейтін адамдар бар.

Ол жоқ болса, өзін жер бетіндегі ең соңғы қайыршыдай сезінетін адамдар барын білмейтіндер көп.

Кей адамдар өзінің Көктің сыйы екенін білмейді.

Әттең, соның бәрін дер кезінде айтсақ, білер еді.

Балерке ӘСІЛХАН, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ІІІ курс студенті

Аллаберген Жақсыбаев: «Мені құтқарған «Полонез»
Көршілер маза бермесе не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу