Махаббат - сұм ажал

Oinet.kz 18-06-2019 1096

402-1476217613-65eecc64da.jpg

Біреуді шын ұнатып, бар пейіліңмен жақсы көре бастасаң өзіңді сыртқа тебетін,сен махаббат деп атаған ұлы сезімнің астаң-кестеңін шығаратын сұм махаббат. Әлде балалықтың бал қайнаған шағында махаббат деген аты бар,заты жоқ сезімнің қолында жәй ғана ойыншық болғанымыз ба?

Неге адамдарға бауыр басудың соншалық оңай болатыны секілді, алыстау мен ұмытудың оңай болмайтыны несі?

Махаббат? Сен биік те асқақ, тұғырлы сезім едің ғой. Төл теңгеміз құсап сенде құлдырап барасың-ау. Биліктегі біздің немқұрайлығымыз ба бұл? Мейірімге құштарлықты үйіп-төгіп бергенше сол жақтағы соғып тұрған құрғыр жүректі тас қыла салмайсың неге? Әлсізді әлді етіп, жүректіні жүрексіз ететін нендей құдірет иесісің сен махаббат? Махаббат соншалық таза да, пәк болушы еді ғой?  Бір ғана адамды шексіз сүйіп, құлай сүю емес пе еді? Бірі көнбесе екіншісіне, екіншісі көнбесе үшіншісіне жүгіру итке тән пасықтық емес пе еді? Қазіргілердің ит құрлы да қадір-қасиеті қалмағаны ма?

Айнұр Мейрбек

«30 жылдық еңбегімнен кейін қайта оралмаспын»
Ішкі ой...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу