Ішкі ой...

Oinet.kz 18-06-2019 1014

ДЦП.jpg

Мама, қай уақытта мен осылайша есейіп үлгердім? Кешегі балаң, сәби көңілмен әр нәрсенің байыбына бармай шолақ ойлайтын тентегің бүгінде есейіп қалыпты-ау. Болмашыға байбалам салып, кісі айыптаса жылай қалып, әр нәрсені бір сұрап мазаңды алатын қызың - бүгінде өзі шешім қабылдай алатын жасқа да келіпті. Мама, күндегісінше таңғы асын ішпей, қар борап, аяз шалса да, бас киімін кимей қипақ салып, оқуға барғысы келмей, ұйқысын қимайтын, балаң көңілмен алдана салып, болмашыға сене қалып, жасырынып сабақтан қашып, көңіліңе қаяу түсіретін, тентектік жасауға құштар қызың - жақсы мен жаманды айыра алатын, кей - кейде кісіге мін артып, көңіл қалу мен қайғының аражігін айырып, өзіңе де ақыл айтатын қызың - өзінің қалайша есейгенін сезбей де қалыпты - ау.

Айнұр Мейрбек

Махаббат - сұм ажал
Өмірде жасалуы тиіс 20 қадам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу