Уақытыңды сатып алсам бола ма?

Oinet.kz 19-09-2019 1154

уақыт.jpg

Арман жұмыстан үйге шаршап келгенде, есік алдынан 5 жасар баласы Ерден қарсы алады. Дереу «әке, сағатына қанша ақша табасыз?» деп сұрайды. Өзі шаршап келген Арман ұлының сұрағына ашуланып, «онда шаруаң болмасын» деп жауап қайтарады. Ұлы берілмей «айтыңызшы, білгім келеді» деп қайта сұрағанда, Арман ызаланып, «2 мың теңге! Ал не істейін деп едің!?» дейді. Сонда Ерден «маған 1 мың теңге қарыз бере тұра аласыз ба?» деп сұрайды. Арман одан әрі ашуланып, «Мен сенің онсыз да толып жатқан ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Мазамды ала бермей, бөлмеңе бар» дейді. Еш жауап қайтармай көзі жасаурап, Ерден бөлмесіне барады. Арманның ашуы басылар емес: «Бес-ақ жаста бола тұрып, ақша сұрауға қалайша дәті барды!».

Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, Арман Ерденді босқа ренжіткенін, баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, «мүмкін шынында да қажет болып тұрған шығар» - деп, ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан Ерденге жақындап: «Ұйықтап жатсың ба?» деп сұрайды. Баланың «Жоқ» дегенін естіп, «Сұраған мың теңгеңді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме. Жұмыстан шаршап келген едім». Ерден төсегінен ұшып тұрып, «Әке, рахмет!» деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Мұны көрген Арман қайта ашуланады: «Ақшаң болып тұрып, неге менен сұрадың? Сенің балалық ойындарыңа уақытым жоқ» деп ұрыса бастайды. Сонда баласы: «Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді» дейді де, ақшалардың бәрін уыстап жинап әкесіне созады: «Міне 2 мың теңге... Әке, менімен әңгімелесуге бір сағат уақытыңызды сатып алсам бола ма?..»

Бақыт
Майда ақша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу