Доспамбет жырау. «Азау, Азау дегенің»

Oinet.kz 19-09-2018 1674

avatar.jpg

Азау, Азау дегенің

Әл-Ғұсман паша жұрты екен,

Дін ісләмнің кірті екен.

Азаудың ер Доспамбет ағасы

Азаудың бір бұрышындай нарты екен!

Білейім мен жаман күн

Болатсыз қылыш кесерін,

Айналасы алты жылдың ішінде

Есақай, Қосай екі ұл

Азау билеп өсерін!

Қоғалы көлдер, қом сулар

Қоныстар қонған өкінбес.

Арыстандай екі бұтын алшайтып,

Арғымақ мінген өкінбес.

Кілең бұздай кілшейтіп,

Көбелер киген өкінбес.

Жұпарын қардай боратып,

Арулар құшқан өкінбес.

Торы төбел ат мініп,

Той тойлаған өкінбес.

Құрама шапшақ көп қымыз

Құйып ішкен өкінбес.

Екі арыстап жау шапса,

Оқ кылқандай шаншылса,

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе, Бетегелі

Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!

Доспамбет жырау. «Айнала бұлақ басы - Тең»
Доспамбет жырау. «Айналайын Ақ Жайық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу