Дүйсенәлі Әлімақын. «Майраға»

Oinet.kz 19-09-2018 903

1527657597_l.jpg

Екеуміз екі қалада жүріп, 

Сағыныш әнін шырқаймыз. 

Асыл армандар жағада күліп, 

Басынан оның сипаймыз. 


Екеуміз екі қалада ұйықтап,

Ояндық тәтті түс көріп. 

Махаббаттың балынан ұрттап, 

Мұңынан оның ішпедік. 


Екеуміз екі ауылдың көркі, 

Бетінен ешкім қақпаған. 

Ескі үйге сені барғанда ертіп, 

Қуанып , сүйіп жатты анам. 


Қосылып тілек , тоғысып жүрек, 

Отау тігіп үй болдық. 

Сүюдің шоғын маздатып, 

Өмірден бәрін үйрендік.

Доспамбет жырау. «Тоғай, тоғай, тоғай су»
Дүйсенәлі Әлімақын. «Саған деген сезімді сетінетпей»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу