Ақан Сатаев «Томиристі» марқұм қызының құрметіне арнады

Oinet.kz 01-10-2019 1459

Screenshot_12.jpg

Фотода режиссер Ақан Сатаев Томирис рөлін сомдаған Альмира Тұрсынмен

Режиссер Ақан Сатаевтың қызы Марйам "Томирис" фильмінің атауына қатысты құпияны ашты. Оның сөзінше, тарихи киноны әкесі шетінген Томирис есімді қызының құрметіне арнаған деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Бұл туралы Марйам Сатаева Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің үлкен әпкемнің есімі Томирис. Оның аты сақ патшайымының құрметіне қойылған. Қазір тірі болғанда 24 жасқа толар еді.

Әкем мен анам оны Томико деп атаған.

Мен оны көрген емеспін, бірақ әлі күнге дейін оны ойлап, қайғырамын. Бала кезімде ол қандай, кімге ұқсайтын еді, жанымда болғанда не болатын еді деп жиі ойлайтынмын. Неге отбасындағы тұңғыш қызбын, әпкемін деп ашуланатынмын. Әпкем болғанда жақсырақ болатындай көрінетін.

Ол бұл өмірдің дәмін татпастан бақилық болды. Әйтеуір, бірде Томирис екеуіміздің қосылатынымызға сенемін. Барлығы Жаратқанның қолында. "Томирис" фильмін әкем ең бірінші қызы Томиристің құрметіне арнады", - деді ол.

Балаңыз киберспортшы болса таңқалмаңыз...
Ләйлә Сұлтанқызы ұсынған махаббат формуласы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу