«Тұран» – чемпион

Oinet.kz 29-03-2024 589

Түркістанда волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында еліміздің ХХХІІ чемпионатының плей-офф ойындары аяқталды. Шаршы алаңдағы волейбол бәсекесіне елімізден 8 команда қатысып, өзара мықтыларын анықтаған болатын. 

Screenshot_21.jpg

Нәтижесінде Түркістан облысының «Тұран» командасы арулары барлық қарсыласын мойындатып, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. Ал, Өскеменнің «Берел» командасы күміс жүлдегер атанса, Петропавлдың «Қуаныш» құрамасы қола жүлдені місе тұтты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді және үздік деп танылған волейболшыларды Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, Түркістан облысы сотының төрағасы және облыстық волейбол федерациясының президенті Тұрысбек Мыятбеков және «Тұран» спорт ойын түрлері клубының директоры Сабыржан Бульдуруков, ҚР волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев марапаттап, медальдар мен кубоктар және алғыс хаттарды табыстады. 

Балуандарымыз бабында
Геннадий Головкин поздравил Ислама Сатпаева и Александру Ле с Бронзовой медалью олимпиады-2024
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу