Ресейге көшіп кеткен спортшы Қазақстанға қайтқысы келетінін айтты

Oinet.kz 28-01-2026 60

Ауыр атлетші Сергей Филимонов Қазақстанға қайта оралып, азаматтық алуға ниетті екенін хабарлады деп жазады Оinet.kz тілшісі.

image.png

"Уақыт көрсетеді" бағдарламасында спортшы 2004 жылғы Олимпиададан кейін «жұлдыз ауруына» шалдыққанын, қаржылық қиындықтарға ұшырап, Алматыдағы баспанасынан айырылғанын жеткізді.  Кейін Ресейге қоныс аударған. 

Қазір Қазақстанға оралып, азаматтық алып, баспанамен қамтамасыз етілсе, ауыр атлетикада бапкер немесе кеңесші ретінде еңбек етуге дайын. Ол өңірлерде, соның ішінде Талдықорғанда да жұмыс істеуге қарсы еместінін айтты.

 «Маған атақ та, даңқ та керек емес. Ең бастысы – адал еңбек етіп, елге пайда тигізу», – деді Филимонов.

Сонымен қатар ол ҚР Спорт министрлігі мен Ауыр атлетика федерациясына үндеу жасап, жас спортшыларды тәрбиелеуге өз үлесін қосуға дайын екенін айтты.

Айта кетейік, Сергей Филимонов 2004 жылғы Афина Олимпиадасында күміс медаль иеленген болатын.  Халықаралық және ұлттық жарыстарда бірнеше дүркін жүлде жеңімпазы атанған. 



Сәпиев дауы. Жанжалға қатысты тексеріс басталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу