Сәпиев дауы. Жанжалға қатысты тексеріс басталды

Oinet.kz 26-01-2026 47

Қарағанды облысының әкімдігі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында болған жанжалға байланысты тексеріс жүргізілмек деп жазады Оinet.kz порталы .

image.png

Жағдайды жан-жақты әрі әділ зерделеу мақсатында спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті тарапынан қызметтік тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жасалады, — делінген Қарағанды облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Еске салсақ, Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов  жұмыс орында өзара келіспей қалып, арты төбелеске ұласқан болатын.  Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде «Ұрып-соғу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған баптың санкциясы айыппұл салуды, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбады. 

Сондай-ақ қоғам арасында резонанс тудырған жағдайға байланысты басқарма басшысы Сәпиев желі парақшасында жазба жариялап, пікір білдірген болатын. 

"Құрметті қазақстандықтар! Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық.

Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес. Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді.

Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды.

Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!",- деп жазды ол. 

Қазақстандық спортшы 250 мың теңге жүлдеақысын ала алмай жүр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу