Бұрын-соңды болмаған. Матч кезіндегі төбелестен кейін 23 қызыл қағаз көрсетілді
Бразилияда "Крузейро" мен "Атлетико Минейро" арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталып, үлкен жанжалға ұласты, деп жазады Оinet.kz сайты Рenalty.kz-ке сілтеме жасап.

Минас-Жерайс штаты чемпионатының финалында "Крузейро" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда бұл ойын есептен гөрі соңғы минуттардағы жанжалмен есте қалды.
Қақтығыс "Атлетико Минейро" қақпашысы мен "Крузейро" шабуылшысы арасындағы текетірестен басталған. Кейін оған екі команданың футболшылары мен қосалқы құрам мүшелері араласып, жаппай төбелеске ұласқан.
Жанжалға Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің бұрынғы командаластары да қатысқаны айтылды. Олар:
• Матео Кассьерра ("Атлетико Минейро")
• Жерсон ("Крузейро")
Бұл екі ойыншы да бұған дейін Санкт-Петербургтың "Зенит" клубында Нұралы Әліппен бірге ойнаған
Бразилиялық БАҚ мәліметінше, матчтан кейін төреші жалпы 23 қызыл қағаз көрсеткен. Мұндай жағдай Бразилия футболында бұрын-соңды тіркелмеген.


