Дзюдошы Абиба Әбужақынова сырғалым атанды

Oinet.kz 26-03-2026

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова сырғалым атанғанын мәлімдеді.

image.png

Спортшы қуанышты жаңалығын жанкүйерлерімен бөлісіп, тұрмыс құруға келісім бергенін айтты. Сонымен қатар ол спорттық мансабын жалғастыратынын ерекше атап өтті.

«Сырғалым атандым. Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда – 2028 жылғы Олимпиада. Мен әлі де күресемін», – деді ол.

Белгілі болғандай, Абибаның таңдаған жары да спорт әлемінен. Оған ұсыныс жасаған – дзюдошы Ермахан Әнуарбек. Ол 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген спортшы.

Айта кетейік, Абиба Әбужақынова бұған дейін де тұрмысқа шыққаннан кейін спорттан кетпейтінін айтып, алдағы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізген еді.

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингте алдыңғы орында тұр.

Сондай-ақ ол – дзюдодан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақ қызы.

Ал 2024 жылы Париж Олимпиадасында өнер көрсеткенімен, жүлдеге қол жеткізе алмаған.

Қанат Ислам жаңа қызметке тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу